15.01.2009, 18:26 3078

Алматыда сегіз жасар баланы ұрлап, ақша бопсалаған топ құрықталды

Алматыда сегіз жасар баланы ұрлап, ақша бопсалаған топ құрықталды

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда сегіз жасар баланы ұрлап, ақша бопсалаған топ құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Тіл саясаты және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12-қаңтарда Алматы қаласындағы бір гимназияда оқитын 8 жасар бала мектептен үйіне оралмаған. Баласының кешігуінен сезіктенген анасы Түркісіб аудандық ішкі істер бөліміне хабарласады. Осыдан біраз уақыттан кейін баланы ұрлағандар баланың анасымен байланысқа шыққан.

Қылмыскерлер баланың анасынан 60 мың доллар талап етіп, ақшаны табуға 2 сағат уақыт береді. Алайда олар келісілген уақытта межелі жерге келмей қалған.

Ең тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құралған жедел топ жасөспірімнің анасының жақындарына тергеу-тексеру шараларын жүргізді. Адам ұрлауды оның құрбысының жерлестері іске асырған. Олар бала анасының жақын арада пәтер сатып, көп мөлшерде ақшаға ие болатындығынан хабардар екен.

"Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында баланы ұрлаушылардың аты-жөндері мен олардың тұрып жатқан мекен-жайы анықталды. Топты тұтқындау шарасы Алматының 5-ші шағынауданында жүзеге асырылды. Бала түнгі сағат 3-те аман-есен босатылды",- деді Алматы қалалық ІІД төрағасы, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаев.

Қылмыскерлер Қырғызстан азаматтары екендігі анықталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны