10.10.2007, 18:13 2939

Алматыда "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Алматыда "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Алматы. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" . Алматыда алғаш рет кепілге алынған адамдарды босату және лаңкестік қаупін бейтараптандыру шарасын негіз етіп алған "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті өткізген оқу-жаттығулардың мақсаты антитеррорлық шараларды тәжірибе жүзінде пысықтауға саяды.

ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті төрағасының бірінші орынбасары, полковник Асқар Ишімовтың атап көрсетуінше, "бүгінгі операцияның басты мақсаты - барлық билік органдары мен басқару ықпалдастығын қамтамасыз ету" болып табылады. Ол : "біз лаңкестермен келіссөздер жүргізудің айқын дәйектелген әдістемесіне иеміз, біздің мамандар психология саласындағы әдістерді толық меңгерген, олар Ресей мен Батыста дәріс алған", - деді.

Шара барысында шартты кепілдікке алынған 30 адам босатылып, атауы ойдан шығарылған "Моджахеды истинной веры" атты лаңкестік топтың 15 мүшесі қолға түсті.

А. Ишімовтың айтуынша, оқу-жаттығулар нақты жағдайға мейлінше жақындатылып, шартты кепілдікке алынған адамдар ретінде тартылған барлық студенттер шара жөнінде хабардар етілген жоқ.

"Семсер - 2007" антитеррорлық оқу-жаттығуларына ҰҚК мен ІІМ бөлімшелерінен, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер қатарынан 1 500 адам тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны