29.06.2009, 17:59 2978

Алматыда шетел азаматтарының саны 26,7%-ға азайды - көші-қон полициясы

Алматыда шетел азаматтарының саны 26,7%-ға азайды - көші-қон полициясы

Алматы. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жылдың бірінші жартысында қалаға уақытша келген шетел азаматтарының саны 26,7%-ға азайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Марат Кезенбаев хабарлады.

"Биыл 72 мыңнан астам шетел азаматы келді, олардың 16 736 - алыс шетелдерден, 55 мыңнан астамы - ТМД елдерінен келгендер. Деменк, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш азайды. Былтыр осы мерзімде 100 мыңға жуық шетелдіктер қала аумағында тіркелген", - деді М. Кезембаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны