30.11.2006, 16:57 6182

Алматыда шетелдік көліктерді тонаумен шұғылданып келген 18 жастағы жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. 30-қараша. Kazakhstan Today. Алматыда шетелдік көліктерді тонаумен шұғылданып келген 18 жастағы үй-күйсіз жігіт қылмыс үстінде ұсталды. Қолға түскен күдіктінің осындай 8 дерекке қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы кезде Алматыда шетелдік көліктерді айдап әкету әрекеттері көбейе түсу жайттарын сараптай отырып, полиция қызметкерлері қылмыскерлер арасында "Мазда" маркілі автокөліктері үлкен сұранысқа ие екенін анықтады.

Бұл қылмыстарды ашу үшін Ішкі Істер Департаменті автокөліктерге байланысты қылмыстармен айналысатын білікті қызметкерлерден құралған арнайы жедел тергеу тобын құрды.

Олардың жүргізген біршама жедел іздестіру шаралары бұл қылмыспен айналысатын күдіктінің ізіне түсуге көмектесті. Нәтижесінде, кезекті көлікті айдап әкету әрекеті кезінде Алматы облысында туған, қазірде үй-жайсыз, тұрғын-үйлердегі жертөле мен шатырды қоныс еткен 18-жастағы жігіт ұсталды.

Полицейлер анықтағандай, ол тұрмысы нашар отбасында тәрбиеленіп өскен, бұрындары тонаушылығы және бөтен автокөлікті заңсыз иемденгені үшін екі рет қылмыстық жауапқа тартылған болып шықты.

Күдіктіні тергеу барысында оның көлікті ұрлау әдістері белгілі болды. "Ол көп жағдайда Алмалы, Иуезов, Жетісу аудандарындағы тұрғын үйлерде орналасқан автотұрақтарда қараусыз қалған, дабыл белгісі жоқ көліктерді байқап, белгілеп алады. Кейіннен түнгі уақытта оларды айдап әкетіп, бөлшектеу үшін Алматы облысына жеткізіп салады екен", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталғанан кейін ұрланған жаңа маркілі көліктердің біразы табылып, иелеріне қайтарылды. Оған қоса полицейлер күдіктінің "Мазда" автокөліктерін айдап әкету мен салондарын тонау сияқты басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Жыл басынан бері Алматының сақшылары аталмыш қылмыспен айналысқан 6 қылмыстық топты ұстады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны