08.09.2006, 16:45 2824

Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда шілде айында жол полициясы басқармасының 16 қызметкері көліктерді негізсіз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқамасының бастығы Бақыткелді Айқынбеков бүгін қалалық әкімшіліке өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз полиция қызметкерлерін бейнекамераны пайдаланып жасырын бақылайтын арнаулы профилактикалық топ құрдық",- деді Б.Айқынбеков.

"Ақпан айынан бері 67 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбіреуі біздің қызметтердің тексеру қорытындысы бойынша ішкі істер мекемесінен жұмыстан кететіндігі туралы рапорт жазды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны