11.07.2018, 17:29 6693

Алматыда шөгінді көлдерді босатудыӊ алдын алу жұмыстары басталды

Алматы қаласыныӊ маӊайында 37 моренді көлдер бар, олардыӊ 15-ініӊ бұзылу қаупі бар, қалған сегіз көл еӊ қауіпті ретінде анықталған.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда шөгінді көлдерді босатудыӊ алдын алу жұмыстары басталды,- деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Алматы қаласыныӊ маӊайында 37 моренді көлдер бар, олардыӊ 15-ініӊ бұзылу қаупі бар, қалған сегіз көл еӊ қауіпті ретінде анықталған.

Алдын алу шаралары үшін Республикалық бюджеттен 46 млн. теӊге бөлінді.

Моренді көлдерден суды жіберу үшін 2016 жылы қала әкімініӊ қолдауымен сатып алынған қуаттылығы (сағатына 400 текше метр), сағатына 180 текше метр диаметрі 315 мм болатын жоғары сапалы жаӊа сорғылар бар. Олар бес көлге орнатылды (№13 бис, № 3 Қарғалы, №8 Ақсай, № 9, 10 Ақсай өзенініӊ сол жағалауы). Бұдан басқа, қосымша құбырлар Үлкен Алматыныӊ № 10, 11 өзендеріне орнатылды.

Ағымдағы жылға Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерініӊ бассейндеріндегі еӊ қауіпті 8 көлді босатудыӊ алдын алу жұмыстары жоспарланған. 8 көлдегі су массасыныӊ жалпы көлемі 1,5 млн. м.3 құрайды.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша шілде айында ауа райыныӊ орташа температурасы + 25С болады деп күтілуде, бұл нормадан 1С жоғары (қалыпты жылу 24 градус). Ай сайынғы жауын-шашынныӊ мөлшері (қалыпты: 45 мм) нормадан төмен болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ауа температурасында өзгерістер болып тұрады. Шілде айыныӊ үшінші онкүндігінде күндізгі ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Шөгінді көлдердіӊ жағдайын қадағалау үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін сегіз постқа тағы 13 маусымдық пост қосылады.

Аталған посттар қажетті тіршілікті қамтамасыз етуге арналған құрылғылармен, гидрометеорологиялық құралдармен және ВГҚ диапозонды байланыс құралдарымен жабдықталған модульді тұрғын үйлермен қамтамасыз етіледі. Бұл үйлер өткен жылы қала әкімініӊ қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған болатын.

Шөгінді көлдердіӊ көпірлерінде эвакуациялық каналдарды кеӊейту, тереӊдету және тазалау үшін шағын экскаваторлар пайдаланылатын болады. Сорғы қондырғыларын (сөрелерде), сифонды түтіктерді, модульдік үйлерді және шағын экскаваторларды жеткізу үшін ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ авиакомпаниясы тартылды.

Алдын алу жұмыстарына мердігерлік ұйымдардан 120 адам, "Казселденқорғау" ММ-нен 15 адам және арнайы техниканыӊ 8 бірлігі қатысады.

Ағымдағы жылдыӊ сел жүретін кезеӊінде аэровизуалды және техникалық жұмыстар үшін ТЖ комитеті жүз ұшу сағатын бөлді.

Сифон құбырларыныӊ және қуаттылығы жоғары бір сорғыныӊ көмегімен 25 маусымда "Қазселденқорғау" ММ Қарғалы өзенініӊ бассейнінде №3 жаӊадан салынған көлді босата бастады. Қазіргі уақытта көлде су көлемі 30 мыӊ м3-ден 9 дейін үш есеге азайды. Жұмыс басталғаннан бері, ағындарды ескере отырып, барлығы 37 мыӊ м3 су босатылды. Күнделікті ағындардыӊ болуы көлдіӊ төгілуіне толығымен кедергі келтіретінін атап өту керек. Шартты бақылап, күніне үш рет ақпарат беру үшін бұл көлге екі маусымдық су посттары қойылды.

Илемдік тәжірибені ескере отырып, "Цифрлі Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында және "Smart-city" ақылды қала базасыныӊ негізінде Алматы қаласыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті сел қаупіне сандық мониторинг жобасын енгізуді іске асыруда.

Осылайша, автоматтандырылған мониторингті ұйымдастыру және пайдалану үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда. Осы мақсаттар үшін қала әкімдігі 83,3 млн. теӊге қаражат бөлді.

Бұдан басқа, бөлінген 27 миллион теӊгеге геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) пайдаланылатын Кіші және Үлкен өзендерініӊ бассейндеріндегі селдер қаупініӊ картасы жасалады. Бұл картаны әзірлеу кезінде сел қаупі бар, селден зардап шеккен объектілер анықталатын болады, су қорғау аймақтары мен жолақтарыныӊ шекаралары реттеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны