02.06.2014, 20:21 2406

Алматыда соңғы 6 жылда 25 балабақша мен 14 мектеп бой көтерді

Қала басшысы Ахметжан Есімов 1 маусым күнімен құттықтап, шаһарда балалардың дамуы, тәрбиесі мен білім алуы үшін қыруар шаруанын атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Соңғы 6 жылда Алматыда 25 балабақша, 14 мектеп, 3 мектептің жанына қосымша, 1 мектеп-интернат, 1 колледж салынды, деді ол.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Балаларды қорғау мерекесін атап өту барысында Алматы қаласының әкімі соңғы 6 жылда шаһарда 25 балабақша мен 14 мектеп салынды деп мәлімдеді.

Қала басшысы Ахметжан Есімов 1 маусым күнімен құттықтап, шаһарда балалардың дамуы, тәрбиесі мен білім алуы үшін қыруар шаруанын атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Соңғы 6 жылда Алматыда 25 балабақша, 14 мектеп, 3 мектептің жанына қосымша, 1 мектеп-интернат, 1 колледж салынды, деді ол.

"Алматыда 6 жасқа дейінгі 158 мыңнан астам бүлдіршін тұрады. Қалада өсіп келе жатқан балалардың жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасалуда. Биылғы қаладағы білім жылы аясында 24 білім нысаны бой көтереді", - деді Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны