11.10.2017, 15:59 4588

Алматыда Springer Nature Awards нұсқасы бойынша еӊ үздіктерді марапаттады

Соӊғы 10 жылда жоғары деӊгейдегі пікірталасқа ие болған 22 қазақстандық мақаланыӊ үштен бір бөлігі Springer Nature журналында жарық көрді.

Алматы. 11 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы Springer Nature халықаралық басылымымен жылсайынғы Springer Nature Awards марапаттау рәсімін өткізді. Шара "Springer Nature open days" аясында ұйымдастырылды, онда Қазақстаннан және Орталық Азия елініӊ ұйымдары мен жиі басылымға шығатын авторлар маратталады.

Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығыныӊ президенті Иділ Ибраев құттықтау сөз сөйлеп, Springer компаниясымен ынтымақтастықтыӊ маӊыздылығын атап өтті. Аталмыш компания Білім және ғылыми министрлігімен алғаш болып ұлттық пікірсарап жасасқан болатын.

- Web of Science платформасында орналастырылған InCites талдау құралыныӊ мәліметтері бойынша, 2012-2016 жылдар аралығында қазақстандық еӊбектіӊ 11 пайызға жуығы 255 Springer халықаралық журналына жарияланған.

Соӊғы 10 жылда жоғары деӊгейдегі пікірталасқа ие болған 22 қазақстандық мақаланыӊ үштен бір бөлігі Springer Nature журналында жарық көрді. Бұл факт аталмыш басылыммен ынтымақтастықтыӊ маӊыздылығын ерекше атап өтеді. 2017 жыл қазақстандық журналдардыӊ халықаралық басылымдарға жарық көруіне бағытталған жыл болды. Егерде бұған дейін Web of Science мәліметтер базасында бірде-біреуі болмаса, бүгінде бұл олқылықтыӊ орны жойылған, қазірде онда 6 журнал бар, -деді И. Ибраев.

- Марапаттау рәсімі ресми форматта емес, ол өз алдында ғалымдарға тәжірибе алмасып, өз жетістіктері мен еӊбектерін, нәтижелерін паш етуге, ал жас ғалымдарға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз рейтингі жоғары шетелдік журналдарда қазақстандық ғалымдардыӊ ғылыми зерттеулері мен жариялынымдарыныӊ сапасын арттырып, санын көбейтуге, қазақстандық ғалымдар үшін тренингтер мен арнайы шеберлік сабақтарын өткізуде ауқымды жұмысты атқарып жатырмыз. Осы уақыт аралығында 290-нан астам көшпелі семинар өткізіліп, 7000-нан астам ғалым кәсіби біліктілігін арттырды. Тек соӊғы жылдары ғана қазақстандық авторлар Springer Nature журналында осыншама рет жарияланды: 2011 жылы - 169 мақала, 2012 жылы - 225 мақала, 2013 жылы -277 мақала, 2014 жылы - 395 мақала, 2015 жылы - 388 мақала, 2016 жылы - 397 мақала. 2017 жылдыӊ қыркүйек-қаӊтар айлары аралығында қазақстандық ғалымдармен 357 мақала жарияланды, - деді Springer Nature басылымыныӊ вице-президенті Аздаа Котани.

Springer Nature аталымында жүлдегерлер атанғандар: Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Назарбаев университеті, Ядерлі физика институты, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ҚР органикалық синтез және көмір химиясы институты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Ж. Ибішев атындағы химия-металлургиялық институты.

Жарияланған мақалалар тізбегінде Орталық-Азия өӊірінен еӊ үздіктер қатарында Springer Nature басылымында марапат алғандар: Өзбекстанныӊ ғылым академиясы, Тәжікстан Республикасыныӊ ғылым академиясы, Қырғыз Республикасыныӊ Ұлттық академиясы.

Springer Nature аталымы бойынша Биотехникалық және биомедицина саласында жарияланған еӊ үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: химия ғылымдарыныӊ кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы қолданбалы химия институтыныӊ директоры Ерлан Сүлеймен, биология ғылымдарыныӊ кандидаты, профессор, Ұлттық Ғылым академиясыныӊ корреспондент-мүшесі, әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініӊ биология және биотехнология факультетініӊ деканы Заядан Болатхан, Ұлттық Ғылым академиясыныӊ корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарыныӊ докторы, профессор, "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингініӊ зертхана меӊгерушісі Гаянэ Атажанова, химия ғылымдарыныӊ докторы, Ассоциялық профессор, Л.Н.Гумилев атындағы жетекші ғылыми қызметкер Жанар Ысқақова.

Springer Nature аталымы бойынша Жаратылыстану ғылымдары саласында жарияланған еӊ үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: физика-матемика ғылымдарыныӊ кандидаты, ядерлі физика кафедрасыныӊ доценті, Л.Н.Гумилев атындағы инженерлік профиль зертхнасыныӊ басшысы Максим Здоровец, химия ғылымдарыныӊ докторы, доцент, Ж.Ибішев атындағы химия-металлургиялық институтыныӊ бас ғылыми қызметкері Шұға Қасенова, химия ғылымдарыныӊ кандидаты, Ассоциялық профессор, Ж.Ибішев атындағы химия-металлургиялық институтыныӊ жетекші ғылыми қызметкері Жеӊісгүл Сағынтаева, химия ғылымдарыныӊ кандидаты, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, ЯМР-спектроскопия инженерлік профилініӊ зертхана басшысы Төлеген Сейілханов, физика-математика ғылымдарыныӊ докторы, профессор, ядерлі физика институты бас директорыныӊ орынбасары Бөртебаев Насыролла, ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институтыныӊ ғылыми қызметкері Сәтпаева Жанаргүл Болсынбекқызы, химия ғылымдарыныӊ докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, химия факультеті, химиялық технология және мұнайхимия кафедрасыныӊ меӊгерушісі Мырзабек Байкенов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, физика-математика ғылымдарыныӊ докторы, физика және нанотехнология физика-технология факультетініӊ профессоры Ниязбек Ибраев, Артем Козловский, Алдашев С.А., Ядерлі физика институты астаналық филиалыныӊ инженері Дмитрий Шлимас, химия ғылымдарыныӊ докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасыныӊ профессоры Жақсынтай Қайырбеков.

Springer Nature аталымы бойынша Технология саласында жарияланған еӊ үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: химия ғылымдарыныӊ докторы, профессор, ҚР Жоғары мектеп Ғылым академиясыныӊ академигі Мансұров Зұлхайыр Аймұхаметұлы, физика-математика ғылымдарыныӊ докторы, техникалық ғылымдардыӊ докторы, профессор, ядерлі физика институтыныӊ бас ғылыми қызметкері Володин Валерий Николаевич, физика-математика ғылымдарыныӊ кандидаты, ядерлі физика институтыныӊ иондық-плазмалық технология зертахасыныӊ меӊгерушісі Жақанбаев Елдар Асхатұлы, PhD (инжиниринг) докторы, Назарбаев Университетініӊ инженерлік мектебініӊ докторы, профессор Жұмабай Бакенов, физика-математика ғылымдарыныӊ кандидаты, Ассоциялық профессор, С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті зертханасыныӊ меӊгерушісі Аят Қайрақбаев.

Springer Nature аталымы бойынша әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жарияланған еӊ үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: педагогика және психология PhD докторы, Алматы менеджмент университеті ғылыми зерттеу орталығыныӊ директоры Данияр Сапарғалиев, ботаника және фитоинтродукция зертханасыныӊ меӊгерушісі, биология ғылымдарыныӊ докторы Лилия Димеева, PhD докторы, Ассоциялық профессор, Назарбаев университеті, Жоғары мектебініӊ қызметкері Илия Қожабекова.

Springer Nature аталымы бойынша жарияланған еӊ үздік мақалалар қатарында Орталық-Азия өӊірінен жүлдегерлер атанғандар: "Физика-Күн" Физика-техникалық институтыныӊ бас директоры (Өзбекстан), инженерлік ғылымдардыӊ докторы Нилуфар Авезова, физика-математика ғылымдарыныӊ докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы математика институтыныӊ профессоры Уткир Розиков, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы институтыныӊ директоры Қанат Абдрахманов.

Шара аясында қазақстандық мақалалардыӊ рейтингі жоғары шетелдік басылымдарға шығуы және қазақстандық басылымдардыӊ халықаралық шетелдік стандарттарға сәйкестігі мәселесі бойынша қазақстандық авторлар мен ғылыми журналдардыӊ редакторлары үшін халықаралық шеберлік сабақтар өткізілді. Шеберлік сабақты Nature Physics журналыныӊ Бас редакторы Бартом Верберк және Springer Nature өкілі Ирина Александрова өткізді. Шеберлік сабақтыӊ тақырыбы: "Рейтингі жоғары журналдарда ағылшын тілінде Қазастаннан мақалалар санын арттыру"; "Қазақстандық журналдардыӊ сапасын арттыру".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны