24.01.2019, 20:41 30005

Алматыда Таяу Шығыс елдеріне әскери авиа техниканы заңсыз жеткізу арнасының жолы кесілді

Аталған әрекетке қатыстылар ұсталды. Алматы қаласының мамандандырылған соты оларға қатысты ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторына жабу үшін қамауға алу санкциясын берді.

Астана. 24 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында жүргізген арнайы операция барысында Таяу Шығыс елдеріне әскери авиа техниканы заңсыз жеткізу арнасының жолын кесті.

Алынған мәліметтер бойынша ҚР азаматтары құрамындағы қылмыстық топ елімізден бірқатар шет мемлекеттердің әскери әуе кемелерінде орналастырылатын авиациялық жабдықтарды елімізден заңсыз алып шығуды көздеген. Заңсыз келісім жалпы саны 122 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 286 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ү.ж. 16 қаңтарында тергеу шаралары барысында жөнелтуге дайындалған әскери бұйымдар жиынтық блоктарымен алынды. Аталған әрекетке қатыстылар ұсталды. Алматы қаласының мамандандырылған соты оларға қатысты ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторына жабу үшін қамауға алу санкциясын берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны