04.12.2013, 18:53 3773

Алматыда танысын өлтіруге тапсырыс берген тұрғын қолға түсті

Жәбірленуші банктердің бірінде қызмет атқарған. Олар іске қатысы бар үшінші тараптағы сыбайласпен бірлесіп, алаяқтық жолымен пластикалық карточкалардан ақша алып отырған. Осылайша, жәбірленушіге 7 миллион теңге көлеміндегі ақшаны бермеу үшін 29 жастағы ер адам оның көзін құртуды ойлайды.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы танысын өлтіруге тапсырыс берген қаланың 29 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ер адам қараша айының басында өзінің ауласында атылған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші банктердің бірінде қызмет атқарған. Олар іске қатысы бар үшінші тараптағы сыбайласпен бірлесіп, алаяқтық жолымен пластикалық карточкалардан ақша алып отырған. Осылайша, жәбірленушіге 7 миллион теңге көлеміндегі ақшаны бермеу үшін 29 жастағы ер адам оның көзін құртуды ойлайды.

Анықталғандай, аталған тапсырысты орындаған - 28 жастағы Павлодар облысының тұрғыны, ал ұйымдастырушы - Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

Құрықталған тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы қамауға алынып, ал орындаушы атыс қаруынан жараланған күйде Павлодар облысындағы медициналық мекемеде жатыр. Ол полиция күзетінің бақылауына алынған.

Дәледік базаны нығайту мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны