03.05.2007, 13:04 2389

Алматыда Тараздың тұрғынынан 11 килограмнан астам марихуана тәркіленді

АЛМАТЫ. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда Тараздың тұрғынынан 11 килограмнан астам марихуана тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің абспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шұғыл шаралардың барысында оперативтік қызметкерлер Тараздың 35 жастағы тұғынын құрықтады. "Еркек марихуананы екі қытай сөмкесіне салып әкелген",- дейді тәртіп сақшылары.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған сөмкені арықтан тауып алдым, өзім бірнеше жылдан бері есірткі тұтынатындықтан, оны алып қалуға ұйғардым, дейді. "Дегенмен, тәртіп сақшылары одан заңсыз есірткі тасымалдады деп күдіктеніп отыр", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны