28.09.2006, 14:31 3252

Алматыда тәртіп сақшылары бір тұрғыннан шолақ мылтық пен 1 килограмм марихуана тәркіледі

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қылмыстық полиция қызметкерлері Алматының бір көшесінде 37 жастағы тұрғынды ұстап, одан шолақ мылтық пен 1 килограмм марихуана тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетінен хабарлады.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген қару "ТОЗ-4" аңшы мылтығының атуға жарайтын шолақ түрі. Ал тәркіленген зат марихуана болып шықты.

Тергеу қазір тұтқын қару мен есіткіні не үшін алып жүргенін, сондай-ақ, оның бұрынғы қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны