18.09.2006, 18:58 3028

Алматыда тәртіп сақшылары қаланың элиталық ауданында пәтер тонаумен шұғылданған екі адамды ұстады

АЛМАТЫ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД Медеу аудандық ІІБ-ның қызметкерлері қаланың элиталық ауданында пәтер тонаумен шұғылданған екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың 11 пәтер тонау оқиғасына қатысы бар екені анықталды. Соңғы жолы олар 6 млн. теңге тонап, ішінде құжаттары бар сейфті қала сыртында өзенге тастап жіберген.

Ұсталғандардың бірі кәсіби темір шебері. Төрт мәрте сотталған. Олар тұратын 70-ші разьездтен тәртіп сақшылары "бір фургонға жуық айғақзаттарды тапты".

Қазір полиция күдіктілердің әрекетінен зардап шеккендерді анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны