19.05.2017, 10:11 10430

Алматыда "Тәуекел факторлары -2017" II халықаралық конференцияcы өтті

Денсаулық - саясаттыӊ ажырамас бөлігіне айналуға тиіс дейді профессор Мақсұт Күлжанов. Өйткені, денсаулық - экономиканыӊ қозғаушы күші, денсаулық экономиканы тұралата түспейді, керісінше, экономикалық өсімге түрткі болады, денсаулық сақтау саласы - экономиканыӊ елеулі секторына жатады, деген пікірде ғалым.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 16 мамырда "Аман-Саулық" қоғамдық қоры "Адам денсаулығы үшін тәуекел факторлары: заманауи сын-тегеуріндер және инновациялық шешімдер" - "Тәуекел факторлары -2017" II халықаралық конференцияcын ұйымдастырды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Конференцияға Австрия, Израиль, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстанныӊ жетекші әлемдік ж"не ұлттық сарапшылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ұлттық медицина орталықтарыныӊ, Ұлттық экономика министрлігініӊ, бизнес құрылымдардыӊ, медициналық қоғамдастықтыӊ және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция қатысушылары дүние жүзіндегі жұқпалы емес аурулардыӊ әсерінен артып келе жатқан қауіп-қатер туралы айтты.

ДДҰ деректері бойынша тек аталмыш ауралардан ғана жыл сайын 38 миллион адам өлімге душар болады. Соныӊ ішінде, жүрек-қан тамырлары аурулары көптеген жағдайда өлімге әкеп соғады - осы аурулардан 17,5 миллион адам қаза болады. Одан кейін онкогологиялық аурулар - 8,2 миллион, респираторлық аурулар - 4 миллион және диабет - 1,5 миллион адам қаза болады.

Осыған байланысты бас қосуда адам денсаулығы үшін тәуекел факторларыныӊ қалыптасуына экономикалық және әлеуметтік жағдайлардыӊ әсері, тәуекел факторларыныӊ таралуын бақылауға қатысты түрлі көзқарастар, сондай-ақ, оларды басқарудыӊ ғылыми негізді құралдары секілді мәселелер талқыланды.

Конференцияда "Өкпеніӊ созылмалы обструктивті ауруы - ғасырдыӊ өзекті мәселесі" тақырыбында баяндама жасаған Алматы қаласыныӊ бас пульмонологы Саттар Ералиевтіӊ дерегінше, өлімге апарып соғатын негізгі бес себепке жүрек аурулары, инсульт, қатерлі ісік, жарақаттар мен өкпеніӊ созылмалы обструктивті ауруы жатады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ жанындағы Қоғамдық кеӊес төрайымы Надежда Петухова: "Бізді алаӊдатып отырған мәселе - балалар арасында қант диабетіне шалдығу оқиғаларыныӊ ұлғаюы. Бұл олардыӊ өмір салтына, гаджеттерді пайдаланып, гиподинамияға ұшырауына байланысты. Егер 2016 жылы Астанада диабеттіӊ 1-ші түрімен кома жағдайында ауруханаға түскен балалар саны 250 болса, 2017 жылы бұл 450-ге жетті",- дейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Айжан Есмағамбетованыӊ айтуынша, "Қазақстанда жұқпалы емес ауруларды емдеуге жұмсалатын қаражат көлемі ұлғая түсуде. Емдеуге 95 пайыз жұмсалса, алдын алуға небәрі 5 пайыз жұмсалады. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш 20 пайызға жетеді.

Қазақстан тарихында алғаш рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ атқару комитетіне мүшелікке сайланған медицина ғылымдарыныӊ докторы, профессор Мақсұт Күлжановтыӊ айтуынша, ұйымныӊ саясатында жұқпалы емес және жұқпалы аурулармен күреске екпін түсіруге, әсіресе бүкіл өмір циклінде адамдардыӊ өз рөлін күшейте отырып, денсаулыққа инвестиция салу басымдыққа айналып отыр.

Жұқпалы емес ауруларды тудыратын басты факторларға, атап айтқанда, дұрыс тамақтанбау, белсенділік деӊгейініӊ төмендігі, шылым шегу және ішімдікті аса көп тұтыну секілді 4 фактор жатады, деді Мақсұт Күлжанов.

Бұл факторлардыӊ адам денсаулығына кері ықпалын әлсірету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдық денсаулық сақтау бойынша экономикалық тиімді араласу саясатын ұстанып отыр.

Мәселен, шылымға қарсы араласу саясаттарына салықты ұлғайту, шылымнан ада орта қалыптастыру, денсаулыққа зияны туралы белсенді түрде ескерту, жарнамаға тыйым салу;

Ішімдікке салынудыӊ зиянын азайту үшін салықты ұлғайту, денсаулыққа зияны туралы белсенді түрде ескерту, жарнамаға тыйым салу;

Диета мен жеке адамныӊ белсенділігін, қозғалысты көбейту үшін тұз тұтыну мөлшерін азайту, тағам құрамындағы тұз бен транс -майларды азайту, халықтыӊ хабардарлық деӊгейін көтеру іс-шараларын күшейте түсу саясатын ұстанады.

Жалпы әлемдік тәжірибе тиімді профилактика және тәуекел факторларын жүйелі түрде тиімді басқарудыӊ артықтығын дәлелдеген.

Денсаулық - саясаттыӊ ажырамас бөлігіне айналуға тиіс дейді профессор Мақсұт Күлжанов.

Өйткені, денсаулық - экономиканыӊ қозғаушы күші, денсаулық экономиканы тұралата түспейді, керісінше, экономикалық өсімге түрткі болады, денсаулық сақтау саласы - экономиканыӊ елеулі секторына жатады, деген пікірде ғалым.

"Біздіӊ денсаулық сақтау министрлігі, осы саладағы оқытудыӊ бәрі қоғамдағы адамдарға науқас ретінде қарайды, тек ауруларға ғана көӊіл бөлінеді. Аурудан құлан таза адам болмайды, бірақ олар өздерін деніміз сау адамдармыз деп санайды. Олар қауіп факторларын тұтыну арқылы өз денсаулықтарын нашарлатып жатқанын, ауруларға алып келетінін байқамайды. Отбасылық медицинаны, профилактикалық бағыттағы медицинаны дамыту қажеттігін сонау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Алматыда өткізген конференцияда, осыдан 40 жыл бұрын айтылған болатын. Алайда, сол кезде Жезқазғанда, Семейде, Павлодарда бастау алған жобалар аяқсыз қалып, біз жоспарлағандай дамыған жоқ. Егер 2000 жылға елімізде заӊдық тұрғыда дербес, тіркелген 1603 отбасылық амбулаториялар болса, кейін олар жабылды. Біз осылайша бір қадам ілгері жүріп, екі қадам кері кеттік",- дейді "Аман-Саулық" қоғамдық қорыныӊ төрайымы Бақыт Түменова.

Осы орайда қор басшысы батыс елдеріндегі қолға алынған бірқатар іс-шараларды мысалға келтірді:

"Данияда құрамында транс-майлары бар тағам өнімдерін өндіруге тыйым салу нәтижесінде жүрек ауруларын 4 пайызға азайтқан. Венгрия парламенті денсаулыққа зиянды өнімдер өндірісіне салық салу туралы заӊ қабылдаған. Ал Финляндияда жаяу жүруді әдетке айналдырған адамдар бюджеттіӊ 5,5 млрд доллар қаржысын үнемдеуге септігін тигізген. Дегенмен, тыйым салу арқылы опа таппағанымыз тарихтан белгілі",- деді ол.

Конференцияда "Залалды төмендетудіӊ жалпы тұжырымдамасы" тақырыбында баяндама жасаған Вена медициналық университетініӊ Илеуметтік медицина институтыныӊ Денсаулық сақтау орталығы, Никотинді зерттеу институтыныӊ директоры Эрнест Громан:

"Адамдар мен адамдардыӊ әдеттерін өзгерту қиын. Кейде адамдарды өзгерткеннен гөрі олар тұтынатын тағамды өзгерту, тағам өндірушілерге белгілі дәрежеде қысым көрсету арқылы тағамныӊ нәрлілігін, құндылығын арттыруға, олардыӊ зиянын төмендетуге күш салу жеӊілірек. Денсаулыққа зиянды болса да, қандай да болмасын тағамды тұтынуға толық тыйым салу мүмкін емес. Сол себепті тәуекелдерді тыйым салмай-ақ жеӊуге болатындай тетіктерді ойластырып, тапқан жөн",- деген пікірде.

Еуропа елдерінде осыған байланысты денсаулық сақтау мәселесі саясаттыӊ барлығына қамту, тағамды өзгерту, салауатты орта қалыптастыру, барынша мобильділік, қатерлі ісікті ерте анықтау секілді әрекеттерге басымдық беріліп отыр.

Тәуекел факторларын төмендетуге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерініӊ толық индустриясы бар - қант алмастырушылар, алкогольсіз сыра/шарап, электронды темекілер және т.б.

"Нағыз мәселе мынада: осындай өнімніӊ екі түрі бар - сапалы әрі оны қолданған кезде тәуекелдіӊ шын мәнісінде төмендейтінін растайтын сертификатталған өнімдер, сонымен қатар, сапасы мен төмендетілген тәуекелді ешкім тексермеген, белгісіз жерде және әлдекіммен жасалған өнімдер. Сондықтан, қант жеуге, ішімдік ішуге, шылым шегуге тыйым салу және азаматтарды қозғалуға мәжбүр ету арқылы заӊнамалық деӊгейде факторларды жою айтарлықтай әсер бермейтіндіктен, сертификатталған және тиісті сапасы бар төмендетілген тәуекел өнімдерін өндіретін өнеркәсіпке назарды топтау дұрысырақ болар еді. Яғни, осындай өнім туралы, денсаулық үшін оныӊ артықшылықтары туралы тұтынушыларды хабардар ету мүмкіндігін және, әрине, әр түрлі салық пұрсаттылығы арқылы бәсекеге қабілетті бағаларды орнатуды қоса алғанда, ұлт денсаулығы үшін тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін осындай өнімдердіӊ нарықта пайда болуы үшін жағдайлар жасау", - дейді заӊ ғылымдарыныӊ кандидаты, "Ұлттық тұтынушылар лигасы" РҚБ президенті Светлана Романовская.

Өз баяндамасында "Дені сау адамдардыӊ денсаулығын сақтаудағы қатерлер" тақырыбына тоқталған Семей Мемлекеттік медициналық университетініӊ ректоры, медицина ғылымдарыныӊ докторы Төлебай Рахыпбеков емдеуден гөрі профилактикаға бетбұру жөнінде ой қозғады. Ол әйелдерге жаппай омыраудыӊ қатерлі ісігініӊ алғашқы белгілерін танып білуге жаппай үйрету қажеттігі, баланы омырау сүтімен қоректендіретін аналарға ақы төлеу туралы ұсыныстар тастады.

Оныӊ пікірінше, бір-бірінен ажыратылмас отбасылық медицинамен профилактикалық бағыттағы медицинаны дамыту дұрыс.

Денсаулық сақтау министрлігі де бүгінде емдеуден гөрі профилактиканы бірінші орынға қою мақсатын ұстанып, биыл қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту үшін министрлік құрамында қоғамдық денсаулық сақтау комитетін құрғаны белгілі.

Бұл комитет санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитетін біріктіру арқылы құрылды. Оныӊ Денсаулық сақтау министрлігі деӊгейіндегі орталық органы бар. Ирбір аймақта және әрбір ауданда аумақтық бөлімшелер - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері болады. Жаӊа қызмет бірінші кезекте денсаулықты нығайтуға бағытталған технологияларды енгізумен айналысады. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардыӊ таралуымен күресуге баса назар аударылады.

Бүгінде біз, өкінішке орай, созылмалы ауруларға және асқынған аса ауыр жағдайлармен күреске көп ақша жұмсаймыз. Бізде 80% ақша ауру асқынған кезде оталарға кетеді. Бүгін әрбір қазақстандық азаматтыӊ өмір сүру сапасы мен ұзақ өмір сүру кепілі болатын күнделікті әдеттерді қалыптастыру үшін тиімді шаралар әзірлеу қажеттігі артып отыр. Қоғам дәл осындай шараларға көбірек ақша жұмсауы тиіс. Сонда ғана ауруларды емдеуге аз ақша жұмсалады.

"Қоғамдық медицина, профилактикалық медицина мәселелерін азаматтық сектор арқылы қоғамға кеӊінен насихаттау қажет. Бұл іске азаматтық сектор жұмылдырылуға тиіс. Елімізде жыл сайын қатерлі ісіктен 17 мыӊ адам көз жұмады. Мұндай дертке шалдыққандар арасында жастар көбейіп келеді. Өлімге алып келетін аурулар арасында 23 пайызды жүрек, қан тамыры аурулары иемденеді. Бұлардыӊ барлығы денсаулық сақтау мәдениетініӊ төмендігінен болып отыр"- дейді Б.Түменова.

Конференция түйген ортақ ойлардыӊ бірі: "медициналық сауаттылық - денсаулық детерминанты" дегенге саяды.

"Бүгінгі конференцияда қозғалған мәселелер өте маӊызды. Осы мәселелерге біздіӊ еліміздіӊ Президенті мен үкіметі тарапынан аса үлкен назар аударылып отырғаны орынды. Тәуекел факторларын төмендету саясатында ғылымныӊ, қоғамныӊ және заӊ шығарушылардыӊ барлық күш-жігерін үйлестіру қажеттігі туындап отыр. Адам денсаулығы үшін тәуекел факторларын төмендету бойынша тиімді жұмыс жасау мақсатында осындай үйлестірушілер ретінде ғылымныӊ, қоғамныӊ және заӊ шығарушылардыӊ барлық күш-жігерін біріктіретін мемлекеттік емес ұйымдар әбден болуы мүмкін", - деп, медицина ғылымдарыныӊ докторы, профессор, Ресей медицина ғылым академиясыныӊ және Қазақстан ұлттық ғылым академиясыныӊ академигі, Қазақ тағамтану академиясыныӊ президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеӊесініӊ мүшесі Төрегелді Шарманов қорытындылады.

Осылайша, конференцияға қатысушылар:

- жұқпалы емес аурулардыӊ тәуекел факторларыныӊ әдет-қылықтарын басқарудыӊ жүйелік көзқарастарын әзірлеу қажеттігі мен маӊызын мойындауды;

- Қазақстан Республикасы Үкіметіне потенциалдық "зиянды" өнімдерді тұтынуға қарсы тұра алатындай, өнім өндірушілер мен тұтынушыларды адам денсаулығына зияны азайтылған өнімдерге және тиісті дәлелдемелердіӊ негізінде олардыӊ зияны мейлінше төмендетілгені мойындалған жағдайда, кейін зиянды әдет-қылықтардан толығымен бас тарту, немесе жұқпалы емес аурулардыӊ алдын алуға септігін тигізетін өнімдерге бетбұрыс жасайтындай реттеу әдіс-құралдарын әзірлеу және қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды;

- Қазақстан Республикасы Үкіметіне жұқпалы емес аурулардыӊ тәуекел факторларына мемлекет пен қоғам тарапынан әкімшілік, экономикалық, ағартушылық әсер ету іс-шараларын талқылап әзірлеу үшін мемлекеттік органдар мен басқа да тараптардыӊ қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ жанынан жұмыс тобын құруды және "Аман-Саулық" қоғамдық қорына ұлттық үйлестіруші ретінде осы топты басқаруды;

- жұқпалы емес аурулардыӊ тәуекел факторларын басқару саласындағы тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыруды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды ұсыну туралы Қарар жобасын жасады. Бұл құжат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылатын болады.

автор: Толеген Ж.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны