30.11.2016, 16:14 8404

Алматыда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арналған "Қазақстан экономикасы тәуелсіздік жылдарында: проблемалар, келешек және даму басымдықтары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Алматы. 29 қараша. KazakhstanToday - Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арналған "Қазақстан экономикасы тәуелсіздік жылдарында: проблемалар, келешек және даму басымдықтары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық дамуда қол жеткізген жетістіктерін талқылап, келешек экономикалық зерттеулердіӊ жаӊа бағыттарын айқындады. Атап айтсақ, жаҺандық қатерлер мен жаӊаша экономикалық нақтылық; Қазақстанныӊ әлеуметтік саясатыныӊ басымдықтары және тұрғындардыӊ тұрмыс- тіршілігініӊ жаӊаша сапа стандарттары; инновациялық экономика құру және т.б.

ҚР БҒМ ҒК Экономика институтыныӊ директоры, ҚР ҰҒА академигі Изімхан Сатыбалдин атап өткендей, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан нарықтық жаӊартулардан инновациялық дамуға бағытталған нарықтық экономика жасақтауға, тереӊ экономикалық құлдыраудан экономикалық өсімге және қоғамдағы әлеуметтік тұрлаулылыққа көшуге бетбұрыс жасаған күрделі жолды жүріп өтті. Жүргізілген әлеуметтік-экономикалық жаӊартулардыӊ нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерініӊ арасынан бірінші болып ашық нарықтық экономикалы ел мәртебесін алды.

"Ғаламдық дағдарыс ахуалында Қазақстан Республикасыныӊ экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекеттіӊ экономиканы және тәуекелдерді басқаруы аса өзекті проблемалардыӊ бірі болып табылады. Қоғамдық дамудыӊ қазіргі заманғы кезеӊінде әлеуметтік-экономикалық саланы мемлекеттік реттеу әдістерініӊ кешені барынша күрделілене және сапалық тұрғыда өзгере түсуде. Сондықтан басқару үдерісін тұрлаулы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеп отырудыӊ маӊызы аса зор. Мемлекеттік басқару еӊ алдымен бірлікті сақтау мен бекіте түсуге, қоғамдық жүйеніӊ біртұтастығы мен тиімді қызмет етуіне бағытталуға тиіс", - деді ол.

Бұл ретте Сатыбалдин атап өткендей, ұлттық инновациялық жүйеніӊ қазақстандық моделін жасау аса маӊызды ғылыми басымдық ретінде қала беруге тиіс. "Бұл жаӊадан жасақталып жатқан елде ұлттық инновациялық жүйеніӊ моделі фрагментті сипатта болатындығына байланысты. Онда ғылымныӊ бірқатар салаларындағы қуатты позицияны және салыстырмалы түрде жоғары білім деӊгейін қамтитын өткен кезеӊнен мұраға қалған элементтері бар. Жаӊа элементтер (инновациялық инфрақұрылым нысандары, жаӊа университеттер, кластерлер) әзірге не пилотты режимде жұмыс істейді, немесе айтарлықтай салмаққа ие бола қойған жоқ. Инновациялық жүйеніӊ дамуын қазіргідей тек мемлекет қана емес, сондай-ақ, жеке бизнес те қазіргідей шектеулі деӊгейде ғана емес, барынша белсенді түрде күш-жігер жұмсау арқылы да қамтамасыз етуге тиіс", - деді академик.

"Қазақстандағы экономика ғылымы, оныӊ міндеттері мен басым зерттеу бағыттары әлемдік экономикалық ғылымныӊ дамуымен үндесе дамып келеді. Сонымен бірге әлемдегі экономикалық мектептердіӊ басым бөлігі ұлттық сипатта, ол жекелеген елдердіӊ ұлттық шаруашылығыныӊ ерекшеліктеріне және қоғамныӊ даму заӊдарына байланысты. Сол себепті отандық экономикалық зерттеулер бірегей болып табылады, олай дейтініміз, табиғи және адами әлеуеттіӊ қазақстанға тән ерекшеліктерін, әлеуметтікмәдени, қоғамдық-саяси факторларды ескереді. Қазақстанныӊ қазіргі заманғы даму кезеӊінде келешектіӊ экономикасын жасақтаудыӊ басымдық берілген бағыттары бойынша Қазақстанныӊ гүлденуге ұмтылыс жолын паш ететін жаӊаша ғылыми тұжырымдамалар мен модельдерін жасау қажеттігі күшейе түсуде", - деді Сатыбалдин.

Халықаралық конференцияны ұйымдастырушылар атап өткендей, ғылыми қоғамдастық арасында ақпарат алмастығын орнатудыӊ, халықаралық ынтымақтастықты дамытудыӊ, Қазақстанныӊ әлемдік ғылыми ортаға интеграциялануыныӊ өзіндік ерекше алаӊына айнала алды. Жетекші ғалымдар ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан зерттеулер тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ, өз жұмыстарыныӊ нәтижелерін ортаға салды.

Конференцияға мемлекеттік басқару органдарыныӊ өкілдері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар, ЖОО және колледждердіӊ басшылары және т.б. тұлғалар қатысты. Конференция қорытындысы бойынша бірқатар нұсқаулар қабылданды.

Іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетініӊ Экономика институты G-Global коммуникациялық платформасыныӊ негізінде ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны