Система Orphus

Алматыда "Таза қала" алдын алу іс-шарасы басталды - ІІД

11.06.2009, 13:40 758

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Таза қала" алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда көлік құралдарының тротуарларда, гүлзарлар мен бала және спорт алаңдарында тоқтау мен тұрақтау ережесінің бұзылуы, аулалардың санитариялық жағдайын сақтау мен қалыптастыру мақсатымен қалалық Ішкі істер департаменті "Таза қала" алдын алу іс-шарасын жүргізеді.

"Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың маусым айының 11-нен 17-сіне дейін жалғасады. Іс-шараның басты мақсаты - жол жүру бөлігінде қоқыстардың тасталуы, экологиялық нормалардың бұзылуы, ластаушы улы газдардың нормаларының асырылу деректерін анықтау болып отыр. Жол полициясы басқарамасы, сондай-ақ, автокөліктердің сыртқы көріністеріне де айрықша мән бермек", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальонының командирі полиция майоры Манап Саттаров.

Сонымен қатар, жол сақшылары учаскелік инспекторларымен бірге тұрғын үйлер ауласында иесіз қалған, пайдаланылмайтын автокөлік құралдарын анықтауға бағытталған қосымша рейдтік шаралар өткізеді.

"Айта кететін жайт, қаланың территориясы тікұшақтың көмегімен аралап тексеріледі. Сол кезеңде жоғарыда келтіріліген жайттарға қатысты бұзылушылықтар анық көрінгендіктен, өзендерде, шөл далалы жерлерде қараусыз қалған автокөліктер анықталады. Мұнымен қоса, жол инспекторлары заңсыз қоқыс орындарын да анықтайды. Анықталған барлық бұзушылықтар жайында қызығушылық танытқан барлық қызметтер мен ведомстваларды хабардар ететін боламыз", - деді өз сөзінде Манап Саттаров.

"Таза ауа" акциясында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің барлық қызметтері мен құрылымдары тартылады. Ақпаратты жедел түрде алу үшін, дәлірек айтсақ, жол жүру бөліктерінде қоқыстардың лақтырылуы, автокөліктердің сыртқы көрінісінің ұсқынсыздығы деректері бойынша ІІД Жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камералары қолданысқа алынады. Акция барысында полицейлер Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінде бейберекет еңбек биржасы мен тұрған үйлерді жалға берумен айналысатын азаматтардың "кәсіптеріне" шек қоятын болады.

"Жедел қызметтің қызметкерлері контрафакт өнімдер заңсыз өндірілетін жерлерді анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Аулалардың санитариялық жағдайын сақтау бойынша қосымша күш ретінде тұрғын үйлердің консьерждері де белсене жұмылдырылады", - деп қорытындылады өз сөзін полиция майоры Манап Саттаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны