24.11.2006, 14:57 3551

Алматыда тәжік содыры қолға түсті

АЛМАТЫ. 24-қараша. Kazakhstan Today. Алматы қаласында аса қауіпті қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше күндіз Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел жұмыстардың нәтижесінде Алматының Жетісу ауданында 31 жастағы Тәжікстан азаматы ұсталды. "Өз елінде жасаған бірқатар ауыр қылмыстары үшін Тәжікстан ІІМ оған халықаралық іздеу жариялаған болатын",- деп хабарлайды мекеме.

"Бар мәліметтерге сүйінсек, бұл қылмыскер 90-жылдардың ортасында Ауғанстан аумағында өтетін содырлар лагерінде арнайы дайындықтан өткен. Отанына оралысымен автомат қаруларын заңсыз алып, қылмыстық топқа енеді. Кейіннен зорлық-зомбылық арқылы бірқатар қаруланған шабуыл жасаған",- делінген хабарламада.

Ішкі істер органдарында аталмыш қылмыстық топтың 10-нан астам кісі өлтіру деректеріне қатысы бар екені жайында ақпарат бар.

Қазіргі кезде Алматы қаласының ІІД Тәжікстан азаматының басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны