Система Orphus

Алматыда теңізге шыға алмайтын мемлекеттер тобының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдер кеңесінің жиыны өтеді

14.07.2014, 20:24 1187

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Алматыда теңізге шыға алмайтын мемлекеттер тобының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерінің кеңесі жиыны өтеді. Онда 2003 жылдың 28-29 тамызында Алматыда теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттердің министрлері халықаралық конференциясында қабылданған Алматы әрекеттер бағдарламасын іске асыру барысы талқыланады.

Шараға ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттер бойынша БҰҰ Жоғарғы өкілі Гиан Чандра Ачария мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов, сонымен қатар халықаралық ұйым өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасы теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекет болып табылады. Алматы әрекеттер бағдарламасын қабылдағаннан бастап Қазақстан тұрақты даму жолында айтарлықтай деңгейге жетіп, теңіз жағалауының жоқтығына қарамастан үлкен жетістіктерге жетті. 2014 жылдың 3-5 қарашасында Венада Алматы әрекеттер бағдарламасын іске асыру конференциясы өтеді. Алматыда осынау көшпелі жиын өткізу Вена конференциясына қазақстандық тараптың дайындыққа үлес қосуы болып табыады, сонымен қатар теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің қызығушылығын оятпақ.

"Алматылық кездесу Алматы бағдарламасының көздеген мақсатына жетуі үшін ұсыныстар әзірлеуді көздейді. Бұл мақсатта міндеттейтін заң және аймақтық құралдарға көбірек көңіл бөлген жөн. Барлық ұсыныстарда осыған дейін сабақ болған жайттар есепке алынуы керек", - деп Е.Ыдырысов толықтырды.

Өзінің сөзінде З.Сағынов елдің географиялық орналасуын пайдалану мен көлік бағыттарын дамыту бойынша Қаақстанның атқароып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталды.

"Қазіргі таңда Азия мен Еуропа арасындағы негізгі жүк тасымалы теңіз жолы арқылы тасымалданады. Құрлық тасымалына бар болғаны 0,2 - 0,5% тасымал тиесілі. Қазақстан арқылы жүк тасымалын арттыру үшін Қытай мен ЕО арасындағы жүк айналымы бағытын қайта бағыттау мен 2020 жылға қарай атылмыш көрсеткішті 8 пайызға жеткізу міндеттемесін алға қойып отырмыз", - дейді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны