03.06.2014, 20:26 3105

Алматыда Терапевтердің еуразиялық съезі мен Кардиологтар конгрессі өз жұмысын бастады

2014 жылдың 3-6 маусымы аралығында Алматыда 400-ден астам делегаттың қатысуымен Терапевтердің I Еуразиялық съезі және Қазақстан Республикасы кардиологтарының VI конгрессі өтеді.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылдың 3-6 маусымы аралығында Алматыда 400-ден астам делегаттың қатысуымен Терапевтердің I Еуразиялық съезі және Қазақстан Республикасы кардиологтарының VI конгрессі өтеді.

Терапевтердің Еуразиялық қоғамының президенті, профессор Г.П. Арутюновтың, ҚР Кардиологтары ассоциациясының президенті, профессор С.Ф.Беркінбаевтың, Кардиологтардың Еуропалық қоғамының мүшелері Роберто Феррари, Махмуд Шахин, Роберт Хатал, Петар Цеферович, Мехмет Аксой және т.б. қатысуымен өтеді, деп денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Бірінші күн ішкі медицина және интервенциялық кардиология саласындағы шеберлік-кластарға арналады.4 күн ішінде терапевтік және кардиологиялық қызметті ұйымдастыру, терапевтік негізгі жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудағы жаңа медициналық технологиялар, МСАК деңгейінде емдік-диагностикалық көмек көрсету, негізгі кардиологиялық және терапевтік ауруларды оңалтудың және алдын алудың мәселелері, зертханалық және функционалдық диагностикадағы инновациялардың мәселелері талқыланады.

Форум аяқталғаннан кейін денсаулық сақтаудың негізгі мәселелері және ҚР кардиологиялық және терапевтік қызметті жетілдіру жолдары жарияланатын қарар қабылдау жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны