22.04.2009, 15:20 3073

Алматыда тергеу изоляторынан қамаудағы бес адам қашып кетті

Алматыда тергеу изоляторынан қамаудағы бес адам қашып кетті

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін №18 тергеу изоляторынан қамаудағы бес адам қашып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Иділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Алматы облыстық басқармасының хабарламасына сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасына сәйкес, "есірткі сату, ұрлық және тонаушылық қылмыстары үшін тергеуде болған, бұрын да сотталған 19 бен 31 жас аралығындағы бес адам металл торды кесу арқылы абақтыдан қашып кеткен".

Қашқандарды кешенді іздестіру шараларын жүзеге асыру үшін Алматыға Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бір топ мамандары келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны