16.03.2007, 14:29 3060

Алматыда тыйым салынған діни партияның мүшесі болып табылатын Өзбекстанның азаматы ұсталды

АЛМАТЫ. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда тыйым салынған діни партияның мүшесі болып табылатын Өзбекстанның азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталған азамат мемлекетаралық іздеуде жүрген және өз елінде ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталуда. "Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталғанның Алматы аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазір ұсталған Өзбекстан азаматы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны