04.05.2008, 18:25 2917

Алматыда тонау мен қарақшылыққа күдікті спортшылар тобы тұтқындалды

Алматыда тонау мен қарақшылыққа күдікті спортшылар тобы тұтқындалды

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда тонау мен қарақшылыққа күдікті спортшылар тобы тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматы қалалық ІІД шұғыл басқармасы орталығына жас әйел шағымданған. Ол белгісіз бірнеше жігіт шабуыл жасап, ұрып-соғып, сөмкесін алып кеткенін хабарлаған. Жәбірленуші шабуыл жасардың алдында ақша айырбастау орнында 500 АҚШ долларына теңге айырбастағанын айтқан. Ийелдің қол сөмкесінде сонымен бірге құжаттары мен қалта телефоны болған.

"Ол топ өз құрбандарын айырбас орындарының маңынан іздестірген. Оларды құрбандарының еркек немесе әйел болуы толғандырмаған. Көзделген құрбандары ақша айырбастау орнынан шыға сала қарақшылар оның үйіне дейін аңдып баратын болған. Содан кейін бокстан спорт шеберлері бірнеше соққы жасап, бағалы заттар мен ақша салынған сөмкелерді алып кетіп отырған", - деп хабарлады Бостандық аудандық ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Ибдуәлиев.

"Өздерінің соңғы құрбандарын олар "Орбита" ықшамауданында орналасқан айырбастау орнының жанынан тапқан. Ол әйел ақшасын айырбастай сала такси тоқтатып, үйіне кеткен. Ал әйелдің аңдушылары өз көліктерімен соңынан ілескен. Ол подъезіне кіре берген кезде боксшылар шабуыл жасаған. Олар бірнеше соққы жасағанда әйел есінен танып құлап қалған. Сөмкені алып олар оқиға орнынан тайып тұрған", - деді Б. Ибдуәлиев.

Оның айтуынша, жәбірленуші есін жия сала шабуыл туралы полицияға жедел хабарлаған. Оның үстіне ол шабуыл жасаған жігіттердің түр-тұлғасы мен жасырынған көліктерін есінде жақсы сақтаған. "Сол себепті бірнеше сағат өте салысымен барлық жігіттер полиция бөлімшесінде жауап берді. Оларды тінту барысында заттай айғақтар да табылды. Шағым жасаушы әйелдің құжаттары мен 500 доллар көлеміндегі ақша табылды", - деп хабарлады Б. Ибдуәлиев.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, тұтқындалғандардың барлығы да Жамбыл облысының тұрғындары. Тұтқындалған спорт шеберлері бірнеше ай қатарынан қаланың айырбас пункттерінің маңында қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан. Қазіргі уақытта олар уақытша тергеу изоляторында жатыр. Бостандық аудандық ІІБ оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 178-бабы (тонаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны