12.03.2014, 20:41 3033

Алматыда төтенше жағдай бойынша Қазақстан-Қырғыз орталығы ашылады

МәжілісТөтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы Қазақстан -Қырғыз Келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста МәжілісТөтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы Қазақстан -Қырғыз Келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

"Орталықтың ашылуы төтенше жағдайларды азайтып олардың салдарын жоятын тиімді механизмдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол аймақ аясында тараптар шараларының қолдауымен жүзеге асады. Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық аймақтық әрекеттендеру саласында да үлкен рөл атқармақ", - деді ТЖМ министрі В. Божко.

Ведомство басшысы айтқандай, жобаны жүзеге асыру үшін 44 млн 895 мың теңге қажет.

"Ирбір тарап өз шығынына өзі жауап береді. Орталық Алматыда құрылатын болады. Келісім аясында барлық сұрақтар келісіледі", - деді ол.

Оның айтуынша, Тәжікстанды орталық ашуға атрту жұмыстары жалғасуда. Бұған БҰҰ даму бағдарламасы қызығушылық танытуда, сондай-ақ, оның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдар да бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны