30.11.2009, 15:34 5930

АЛМАТЫДА ҰҚКД ТӨРАҒАСЫ МЕН ОНЫҢ ЕКІ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТТТЕРІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Алматы. 30 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің төрағасы Нұржан Мырзалиев пен оның екі орынбасары қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҰҚКД баспасөз қызметінің қызметкері Болатбек Төлетаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің төрағасы Нұржан Мырзалиев пен оның екі орынбасары Асқар Ишімов пен Серік Асайынов қызметтерінен босатылды.

"Уақытша міндетін атқарушы болып ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-майор Нұрғали Білісбеков тағайындалды", - деді Б. Төлетаев.

Оның айтуынша, бұдан өзге ақпарат онда жоқ, ал ҰҚКД-нің үш жетекшісінің бір уақытта қызметтен босатылу себептері жайлы да ештеңе белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны