26.06.2017, 12:58 6549

Алматыда "Ұлы дала рухы" - "Дух великой степи" атты II халықаралық этнофестиваль өтті

"Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде "Ұлы дала рухы" - "Дух великой степи" этномәдени фестивалі өтіп, оған Изірбайжанныӊ, Болгария мен Венгрияныӊ, Қырғызстанныӊ, Өзбекстанныӊ, Ресейдіӊ, Словакияныӊ, АҚШ-тыӊ, Түркияныӊ өкілдері қатысты

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan Today - "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде "Ұлы дала рухы" - "Дух великой степи" этномәдени фестивалі өтіп, оған Изірбайжанныӊ, Болгария мен Венгрияныӊ, Қырғызстанныӊ, Өзбекстанныӊ, Ресейдіӊ, Словакияныӊ, АҚШ-тыӊ, Түркияныӊ өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердіӊ, шабандоздар мен көкпаршылардыӊ, садақшылардыӊ, батырлардыӊ шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. "Ұлы дала рухы" фестиваліне келгендердіӊ барлығы қазақтардыӊ және басқа да түркі халықтарыныӊ бай мұрасымен танысты.

Фестивалге келушілер екі күн ішінде көшпенділердіӊ өміріне еніп, олардыӊ ежелгі тұрмысымен, тарихи салт- дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, қазақтардыӊ көне тұрмыс- тіршілігінен хабардар болды,ертедегі қолөнершілердіӊ құпияларын біліп, шеберлік сыныптарынан дәріс алып, кизібен, терімен, күміспен, балшықпен жұмыс істеудіӊ көне технологиясын меӊгерді.

"Біз бұл фестивальде ертедегі Болгар әскерлерініӊ түрлі шайқастарда қолданатын садақтарын, қылыштарын, жігіттік өнерлерін және басқаларын көрсетудеміз. Қазақстанға алғаш келуіміз, өте әдемі ел екен, еӊ бастысы, сіздер өздеріӊіздіӊ ежелгі мәдениеттеріӊіз бен дәстүрлеріӊізді сақтап қалыпсыздар", - деді болгарлық батыр Явур Гынчев.

"Алқалы фестивалге қатысқаныма өте қуаныштымын, маған етене жақын халықтардыӊ барлығы осында жүр, біз үлкен мерекеде бас қостық. Еӊ бастысы - ат спортыныӊ ежелгі тарихы, ортақ дәстүрі, ат спортыныӊ өркен жаюы", - деді Венгрия өкілі Копачни Габор.

"Мен Қазақстанға жиі келсем деймін. Мерекеге дайындық өте жоғары деӊге йде ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардыӊ арқасында біз Астанаға да барып, "ЭКСПО-2017" көрмесін тамашалайтын боламыз", - деді Словакиядан келген садақшы Петер Мезей,- деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқына арнаған жолдауларыныӊ бірінде мемлекет басшысы "жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаӊаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттыӊ ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардыӊ бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек",- деген болатын.

"Дәстүр мен мәдениет - ұлттыӊ генетикалық коды. Патшалықтыӊ, төӊкеріс дүмпуі мен тоталитаризмніӊ барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздіӊ еліміздіӊ аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардыӊ өкілдері өздерініӊ мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. Тәуелсіздік жылдарында, жаһандану мен вестернденуге қарамастан, біздіӊ мәдени іргетасымыз беки түсті.

Қазақстан - бірегей ел. Біздіӊ қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады. Біз өзіміздіӊ ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек",- деді тағы да бірде Елбасы.

Мемлекет басшысыны? "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында: "жаӊаша үлгідегі жаӊғырудыӊ бірінші алғышарты - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды",- делінген. "Ұлттық-мәдени тамырымызға арқа сүйемей жаӊғыру жүзеге аспайды. Ал мен оныӊ аяғынан тік тұруын қалаймын. Бұл дегеніміз, тарихымыз бен ұлттық дәстүрлеріміз міндетті түрде ескерілуге тиіс деген сөз",- делінген мақалада.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті: "Егер біз XXI ғасырдағы жаҺандық картада өзіндік қайталанбас орны бар ұлт болғымыз келсе, онда "Ғаламдық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" атты тағы бір жобаны жүзеге асыруымыз қажет. Бұл жерде әлем бізді тек мұнай қорымыз бен ірі сыртқысаяси бастамаларымыз арқылы ғана танып білмей, біздіӊ мәдени жетістіктерімізбен де тануға тиіс екендігі жайлы әӊгіме болып отыр",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны