27.01.2010, 14:08 3545

Алматыда ұлтаралық араздықты өршіту мақсатында қазақ халқының ар-намысына нұқсан келтіретін жазбаларды қасақана жасаған азаматтар ұсталды - ІІМ

Алматыда ұлтаралық араздықты өршіту мақсатында қазақ халқының ар-намысына нұқсан келтіретін жазбаларды қасақана жасаған азаматтар ұсталды - ІІМ

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда ұлтаралық араздықты өршіту мақсатында қазақ халқының ар-намысына нұқсан келтіретін жазбаларды қасақана жасаған азаматтар ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қаласының ішкі істер органдары үйлердің қабырғалары мен шарбақтарына қазақ халқының ар-намысына нұқсан келтіретін жазбаларды салу үстінде Борамбаевты, Жуасбайды және Жалғабаевты ұстады. Жалғабаев бұрын Маңғыстау облысында алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде жүрген",- деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, "жоғарыда аталған барлық азаматтардың ұлты қазақ, алайда олар ұлтаралық араздықты өршіту мақсатында Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың атынан қазақ халқының ар-намысына нұқсан келтіретін жазбаларды қасақана жасаған".

"Ұсталғандар өздерін "Арман" қоғамдық қозғалысының жақтаушылары болып табылатынын хабарлады",- деді Қ.Жұманов.

"Психологиялық-физиологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша бұл жазбалар ұлтаралық араздықты қасақана өршіту мақсатында жазылған. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен еліміздің қолданыстағы заңнамасында әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып табылады. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Ішкі істер министрлігі заңнамаға сәйкес мұндай іс-әрекеттердің жолын қатаң кесіп отырады",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны