27.09.2010, 14:50 4513

Алматыда ұрланған кәсіпкер босатылды

Алматыда жүргізілген арнайы шара нәтижесінде ұрланған кәсіпкер Эдгар Салдузи босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 27 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда жүргізілген арнайы шара нәтижесінде ұрланған кәсіпкер Эдгар Салдузи босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы шара кеше кешке жүргізілген.

"Алматы қаласының ІІД қызметкерлері Алматы қаласының ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген іс-шарасының нәтижесінде ұрланған Эдгар Салдузидің отырған жерін анықтап, оны құрсаудан босатты",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Қазіргі уақытта ІІД оны ұрлауға қатысты барлық мән-жайды анықтау мақсатында мұқият тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл іс бойынша басқа да мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді",- деп атап көрсетілген.

Естеріңізге сала кетсек, Э. Салдузи SMmarket дүкендері сауда желісінің ортақтасты болып табылады. 34 жасар бизнесменді үстіміздегі жылдың 14-тамызында белгісіз біреулер ұрлап кеткен болатын..

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны