22.08.2006, 17:28 3119

Алматыда үш әйелді кепілге алған еркекті тәртіп сақшылары қолға түсірді

АЛМАТЫ. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда үш әйелді кепілге алған еркекті тәртіп сақшылары қолға түсірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент өкілдерінің түсініктемесіне сәйкес, ІІД-нің шұғыл басқару орталығына бір ер адам телефон қоңырауын шалып, өзінің көңілдесін және оның анасы мен әжесін кепілдікке алғанын хабарлаған. Бірақ белгісіз адам оқиға орнын хабарламайды.

Белгісіз телефон қоңырауы қайдан жасалғанын анықтағаннан кейін оқиға орнына күзет полициясы полкының экипаждары, жедел әрекет етуші арнаулы бөлім қызметкерлері мен шұғыл тергеу тобы келіп жетті.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, әйелдерді кепілдікке алған еркек отырған пәтердің есігі жабық тұрған. Пәтер ішінен әйелдердің айқайы естіліп жатқан. Еркек кепілдіктегі әйелдерді босату үшін 15 мың теңге талап етеді. Оның айтуынша, ақша берешегін қайтару үшін қажет көрінеді.

Тәртіп сақшылары мен әлгі еркектің арасындағы келіссөздер нәтиже берген жоқ. Осыдан кейін әлгі еркек қолына пышақ ұстап, көңілдесін балконға шығарып алып, оны соққыға жыға бастаған сәтте тәртіп сақшылары пәтерге басып кіруге шешім қабылдады. Кепілге алынған әйелдер оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.

Қазір еркек қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әлгі адам бұған дейін де екі мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны