12.10.2016, 11:54 4413

Алматыда үш гидротехникалық құрылымға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге ақша бөлінді

Өӊірлерде сел қаупін азайту үшін Қазақстанда 3 жаӊа бөгет салынады, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрініӊ орынбасары Юрий Ильин.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Өӊірлерде сел қаупін азайту үшін Қазақстанда 3 жаӊа бөгет салынады, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрініӊ орынбасары Юрий Ильин ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

Ю.Ильинніӊ айтуынша, ағымдағы жылдыӊ соӊына қарай селден қорғау құрылымдарды дамытуға жобалық-сметалық құжаттама қарастырылады. Мұнда Қорғас өзеніндегі бөгет құрылысы да қамтылады. Алайда ақырғы сома мемлекеттік сараптама өткеннен кейін мәлім болмақ.

"Ақсай шатқалында 3 жаӊа бөгет пайда болады, және Кіші Алматыдағы Мыӊжылқы бөгеті жаӊғыртылады. Сондықтан, жобалық ұйымдар осы бойынша жұмыс істеп жатыр. Селден қорғау құрылымдарын дамытуға қажетті нақты сома мемлекеттік сараптамадан кейін мәлім болады", - деді Ю. Ильин.

Оныӊ айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматыда үш гидротехникалық құрылымға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге ақша бөлінді.

"Бұл Мыӊжылқы бөгетініӊ сыйымдылығын арттыру, Аюсай шатқалында №13 көлінде селден қорғайтын құрылым салу және Ақсай бөгетініӊ құрылысын жобалау. Қазіргі уақытта жергілікті бюджетке қаражат бөлінді, жыл соӊына қарай ЖСҚ жасау аяқталады, сосын біз жаӊа гидротехникалық құрылымдарды салуға қаражат бөлу ұсынысымен республикалық бюджетке жүгінеміз. Сонымен бірге, Қорғас бойынша ҚХР-мен Қорғас өзенінде бөгет түрінде гидротехникалық құрылым салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Ю. Ильин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны