28.10.2007, 12:56 2710

Алматыда валютаны контрабандалық жолмен елден шығару арнасын жолға қоюшы ұсталды

Алматыда валютаны контрабандалық жолмен елден шығару арнасын жолға қоюшы ұсталды.

Алматы. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда валютаны контрабандалау арнасын жолға қоюшы ұсталды, ол Кедендлік бақылау комитетінің Алматы қалалық департаментінің қызметкері болып шықты. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кедендік бақылау комитетінің қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 113 -бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның жүрген жерін анықтау және ұстау шаралары жүзеге асырылуда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, контрабандалық арнаны жолға қоюшы 942 мың 193 АҚШ доллары немесе 113 млн 581 мың 366 теңгені елімізден шығаруға жасалған әрекеттің мән-жайын тексеру барысында анықталған. Бұл әрекетке 22 қазанда Алматы халықаралық әуежайында "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы мен Стамбул арасында қатынайтын №911 рейсін рәсімдеу барысында тосқауыл қойылды.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы, 3- тармағының "а" және "б" тармақшалары бойынша (мемлекеттік функцияны атқаруға міндетті уәкілетті тұлғаның қатысуымен ұйымдасқан топ жасаған экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды. Қазақстанның екі азаматы тұтқындалып, басқа екі азаматқа қатысты кепілдік берілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталмыш контрабандалық әрекетке қатысы бар тағы да екі қазақстандыққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1 -тармағы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды, қазір осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны