04.09.2006, 18:21 3545

Алматыда заңсыз мигранттарды айқындау шарасы жүргізілуде

АЛМАТЫ. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД-нің көші-қон полициясы заңсыз мигранттарды айқындау шарасын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шараның алдын-ала қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты барысында Алматы қалалық ІІД-нің көші-қон полициясы басқармасының бастығы Талдыбек Қаттаубаевтың хабарлағанындай, тек 6 сағаттың ішінде қала іргесіндегі Заря Востока ауылында тиісті құжаттары жоқ 440 адам ұсталған.

440 адамның 150-і Өзбекстан, 150-і Қырғызстан азаматтары. "Ал қалғандары құжаттары жоқ Қазақстан азаматтары мен Қытайдан келген оралмандар",- деді Т.Қаттаубаев. "Қазір олардың бәріне қатысты профилактикалық шаралар жүргізіліп, суретке түсіріліп, саусақ таңбалары алынуда. Олардың қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Құжаттары жоқ адамдарға қатысты санкциялар алу үшін құжаттар дайындалуда. Аудандық прокурор ақырғы шешімді қабылдайды",- деді көші-қон полициясының бастығы.

"8 айдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша 12 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 млн. теңгенің айыппұлы салынып, оның 33 млн. теңгесі өндіріп алынды",- деді Т.Қаттаубаев.

Шараның ақырғы қорытындысы 6-қыркүйекте шығарылады. Қазіргі жағдаймен Алматыда еліміз аумағында заңсыз жүрген 6 мың адам заңдастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны