12.04.2010, 15:49 3109

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты өткен сенбіде кешкі сағат 9 кезінде "Шаңырақ" ықшамауданында болған. 37 жастағы жергілікті тұрғынды белгісіз бір автокөлік қағып кеткен, ол көптеген дене жарақаттарынан оқыс оқиға орнында жан тапсырған.

"Оқиға орнынан криминалистер жүк көлігі болуы мүмкін автокөліктің бөлшектерін тапқан. Алайда әзірге көліктің нақты маркасы анықталған жоқ", - деді Алматы қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұхтар Түсіпов.

Жедел жәрдемге телефон соғып, жол апаты туралы хабарлаған әйелдің айтуынша, оған келген екі жасөспірім жаяу жүргіншіні КамАЗ көлігі соқты деп хабарлаған, делінген хабарламада.

Полиция жүк көлігінің жүргізушісін табуға жәрдемдесуді сұрайды. Қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы осы жол апаты туралы қандайбір ақпаратты білетін барлық тұлғалар мен оқиға куәгерлерін мынадай телефондар арқылы хабар беруге шақырады: 8 (727) 254-45-05, 8-701-713-9757 немесе 102.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны