15.05.2009, 13:04 1140

Алматыда жалған кәсіпкерлер мемлекетке 5,3 млрд теңгенің залалын келтірген

Алматыда жалған кәсіпкерлер мемлекетке 5,3 млрд теңгенің залалын келтірген

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жалған кәсіпкерлер мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 5,3 млрд теңгенің залалын келтірген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша ЭСЖҚД жалған кәсіпкерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 2-тармағы бойынша (Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық істер қозғады.

"Аталған тұлғалар кәсіпкерлікпен айналысу мақсатынсыз, мынадай жалған кәсіпорындар құрған: "Герадас ЛТД", "ПрофиПак-777", "MediaMaxDen", "Lott Group" және "Тритмен" ЖШС-терін тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемей 5,3 млрд теңгенің залалын келтірген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны