22.02.2010, 15:01 3120

Алматыда жалған кәсіпорын мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 2 млрд теңгеге залал келтірген

Алматыда жалған кәсіпорын мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 2 млрд теңгеге залал келтірген

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда жалған кәсіпорын мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 2 млрд теңгеге залал келтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті О. есімді азамат пен анықталмаған басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-тармағының "б" тармақшасы бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғады. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, жалған кәсіпкерлікпен шұғылданатын "Z-compani" ЖШС-ін тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 2 млрд теңгеге залал келтірген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, ОҚО бойынша департаменті аз.Ю. қатысты ҚР ҚК-нің 192 -бабының 2-тармағының "а,б" тармақшалары бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғады. Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, жалған кәсіпкерлікпен шұғылданатын "Кап-Строй-LTD" ЖШС-ін тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 339,8 млн теңгеге залал келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны