14.10.2016, 15:23 8011

Алматыда жаӊа автобус паркін ашу және "Мерседес" автобустарын өндіру жоспарлануда

Алматы қаласыныӊ Иуезов ауданында "Мерседес" автобустарын өндіру және осы көліктермен жабдықталған жаӊа автобус паркін салу жоспарлануда.
Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today – Алматы қаласының Иуезов ауданында "Мерседес" автобустарын өндіру және осы көліктермен жабдықталған жаңа автобус паркін салу жоспарлануда. Бұл туралы "5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспары" шеңберінде, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" баспасөз мәслихатында Иуезов ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
"Бұрынғы "Баянауыл" базарының орнында қазір неміс технологиясы бойынша автобус паркі салынатын болады. Бұған қоса неміс өндірісінің "Мерседес" маркалы автобустары сатып алынады. Бұдан бөлек, автобус паркінің құрылысымен қатар ол жерде "Мерседес" маркалы автобустарды құрастыру зауыты орналасатын болады, олар келешекте тек Алматыда ғана емес, шетелдерге де сатылады", - деді А. Рахымбетов.
Аудан әкімі еске салып өткендей, "бүгінде қалада "Алматы қаласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы" жүзеге асырылуда және қоғамдық көлікті, оның ішінде таксиді де дамытуға баса көңіл бөлінбек. Мәселен, Еуропа елдерінде адамдарға қоғамдық көлікті пайдалану тиімдірек болатындай жағдай жасалады. Ал бізде кез-келген бизнес орталыққа таңертеңгі сағат 8-9 шамасында келген қызметкер көлігін тұраққа қойып, күні бойы кеңседе отырады, ал оның көлігі осы уақытта орын алып тұрады. Осындай жерде көлік кептелістері түзіледі. Ал қоғамдық көлік тиісті дәрежеде дамитын болса, адам үшін жұмыс орнына дейін метро немесе автобуспен жету артықша жайлы әрі ыңғайлы болмақ".
Оның ақпаратына сәйкес, биыл ауданға 4,5 шақырым жол жөндеуге қаражат бөлінген.
Бұған қоса, "Тозығы жеткен баспана" бағдарламасын жүзеге асыру барысында Жандосов көшесінен оңтүстікке қарай 14 ескі үйдің 10-ы сүріліп, жаңадан екі үй пайдалануға берілді. Жаңадан көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарланған. Сүлейменов көшесін бойлай Жандосов көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесіне дейін көнерген каркасты 54 үйдің орнына 60 көпқабатты тұрғын үй салу көзделіп отыр. Осыған байланысты әрқайсысы 140 орынға есептелген екі балабақша мен 1000-1200 орынды мектеп құрылысын салуға инвестор іздестіріле бастады.
2016 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша, аудан экономикасы қазір көбінесе қызмет көрсету және сауда салаларынан құралады (60% астам). Ауданның тұрғын үй қорында 1712 көппәтерлі тұрғын үй және 6896 жеке тұрғын үйлер бар. Наурыз және қазан айлары аралығында ПИК қаражаты есебінен 1209 үйде шатырды, кіреберістерді, сыртқы қабырғаларды, көпіршелер мен инженерлік коммуникацияларға дейін ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылдан бері Даниялық сәулетші Ян Гейлдің нұсқауларына сәйкес аудандағы көшелер, бульварлар мен скверлерді абаттандырудың жаңаша көзқарастары пайдаланылуда. Алтынсарин даңғылы мен Момышұлы көшесі қайта жаңғыртылды. Сайын және Жандосов, Сайын және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жекелеген көше бөліктерін жасылдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Илеуметтік даму саласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасына сәйкес 1514 адам жұмысқа орналастырылса, аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 285 адам жұмысқа қамтылды. Иуезов ауданында 57 медицина мекемесі, оның 12-сі - мемлекеттік, оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсететін 5 мекеме, жеке меншік 45 мекеме жұмыс істейді. Бұған қоса ауданда 32 мектеп бар, олардың екеуі математика мен физиканы тереңдете оқытатын арнаулы мамандандырылған лицей болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны