05.07.2017, 18:43 5799

Алматыда жаӊа жолайрығы пайдалануға берілді

Жобаныӊ технологиялық жағынан күрделі болуына қарамастан нысан жоспарланған мерзімінен алты ай бұрын берілді. Жолайрығыныӊ құрылысы 2015 жылдыӊ соӊында басталған еді, оныӊ жалпы құны 8,6 млрд. теӊге.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Бөкейханов көшесініӊ қилысы мен Солтүстік айналым бойында жаӊа жол айрығы Астана күніне орай ашылды. Бұрын осы учаскеде тәулігіне 211 мыӊ автомобиль өтетін болса, жаӊа нысанныӊ арқасында жолдыӊ өткізу қабілеті 361 мыӊ көлікке артып, 70%-ды құрады. Жаӊа жолайрығы Дорожник, Шаӊырақ, Өжет ықшам аудандарындағы көлік тығыздығын 20%-ға қысқартады.

Жобаныӊ технологиялық жағынан күрделі болуына қарамастан нысан жоспарланған мерзімінен алты ай бұрын берілді. Жолайрығыныӊ құрылысы 2015 жылдыӊ соӊында басталған еді, оныӊ жалпы құны 8,6 млрд. теӊге.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 10 жыл ішінде қалада 30 жолайрығыныӊ іске қосылғанын, бірақ халықаралық тәжірибе жеке көліктер үшін инфрақұрылым көп жасалса, қаланыӊ көлік тарфигініӊ арта түсетіндігін көрсетті.

"Бүгінгі күні қалада кешенді көлік реформасы жүруде. Кіші көлік айналымыныӊ өткізу қабілетін арттыру үшін үш жолайрығы салынуда, ал қаланыӊ орталық көшелерінде жаяу жүргіншіге басымдылық берілуде. Жеӊіл және үлкен рельсті көлік енгізу жобалары,қоғамдық көлік үшін арнайы жолақтар жасалуда, жаӊа бағыттар ашылуда, жылжымалы состав жаӊаруда, велобекеттер орнатылуда, жасыл желек көлемі ұлғаюда.Осыныӊ барлығы қала экологиясын жақсартып, өмір сүру үшін барынша жайлы ете түсуде", - деді әкім және жаӊа жолайрығыныӊ айналасын көріктендіру жөнінде тапсырма берді.

Естеріӊізге сала кетейік, қазіргі кезде Фурманов көшесі Жансүгіров көшесіне дейін теміржол арқылы эстакадамен бірге, Хмельницкий көшесі Сүйінбай даӊғылынан Жас қанат ықшам ауданына дейін, Абай даӊғылы Иуезов көшесінен Қалқаманға дейін, одан қала шекарасына дейін үӊгіленуде

Сейфуллин - Жансүгіров,Рысқұлов даӊғылы,Емцов көшесі мен Құлжа трассасы қиылыстарында жолайрығы құрылыстары одан әрі жалғасуда,BRTжелісі бойынша көше-жол жүйесі жаӊаруда,Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,335 км болатын, Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ елді мекендерінде ұзындығы 10,993 км болатын жолдар салынуда.

Сонымен қатар, Алматыда жүргіншілерге басымдылық беру үшін бірқатар көшелер қайта жасалуда. Биылғы жылдыӊ аяғына дейін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь,Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊына тастар төселеді, жасыл желек отырғызылады, кіші архитектуралық формалар қойылады, спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаӊдары пайда болады, веложолдар абаттандырылады, нысандар текшелері жарықтандырылады. Осыған қатысты жасалған жобалардыӊ ешқайсысында жасыл желекті бұзу, бұрыннан барын кесу қарастырылмаған. Көлеӊкелі кеӊістікті кеӊейту үшін биік болып өсетін қайыӊ, емен, терек және басқа да ағаш түрлері, мыӊнан астам бұта-шіліктер отырғызылатын болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан президентініӊ 2017 жылдыӊ 31 наурызындағы "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: "Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздыӊ ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаӊа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны