18.09.2008, 11:12 1375

Алматыда жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, жалған құжаттар арқылы қаланың Шаңырақ пен Ұлжан ықшам аудандарында жер телімдерін сатқан 4 қылмыстық топ ұсталды

Алматыда жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, жалған құжаттар арқылы қаланың Шаңырақ пен Ұлжан ықшам аудандарында жер телімдерін сатқан 4 қылмыстық топ ұсталды

Алматы. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бір апта бойы жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, жалған құжаттар арқылы қаланың Шаңырақ пен Ұлжан ықшам аудандарында жер телімдерін сатқан 4 қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу кезінде олардың жүзден аса адамды алдап түсіріп, әрқайсысынан 4 мыңнан 10 мың долларға дейін алғаны анықталып отыр.

Алматы қаласы Алатау аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Дәурен Сағындықовтың айтуынша, ксерокопиядан өткізілген жалған шешімдерге сот сараптамасы тағайындалды, сот сараптамасының қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Қалалық ішкі істер департаментінің жедел тобы алдыңғы күні қылмыстық топтың басшысын қолға түсірді.

Алматы қаласы Алатау аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Дәурен Сағындықовтың айтуынша, "Ішкі істер департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде Айдос атты азамат қолға түсті. Жұртқа мүмкіндігім бар деп, оларды алдап, олардың сенімдерін пайдаланып, 4-8 мың долларға жерлерін заңды тіркеуден өткіземін деп, бірнеше кісіні жерге қаратып қойған".

Барлығы бір апта бойы тынымсыз жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде, жүздеген адамды зар илеткен 4 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны