20.03.2007, 16:27 3250

Алматыда жергілікті тұрғыннан тапанша-зеңбірек тәркіленді

АЛМАТЫ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда жергілікті тұрғыннан тапанша-зеңбірек тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жол полициясы басқармасының жасағы қашпақ болған мас жүргіншіні құрықтаған. Тінту кезінде еркектен қару табылған. "Сараптама нәтижесінде бұл заттың қолдан жасалған 9-миллиметрлік дыбыс тұншықтырғышы бар тапанша екендігі белгілі болды",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, ұсталған адам қаруды бөтелкелесінен DVD-плейерге ауыстырып алған. "Ол тапанша-зеңбіректі коллекция жинаушыларға сатпақ болған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тапанша тәркіленген, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны