28.09.2009, 15:47 2753

Алматыда "Жесть" түнгі клубында демалушыларға шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды

Алматыда "Жесть" түнгі клубында демалушыларға шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Жесть" түнгі клубында демалушыларға шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түні мас күйіндегі бұзақылар тобы "Жесть" түнгі клубында демалушыларға шабуыл жасаған. Қылмысты тергеумен Алматы қалпалық ІІД тергеу басқармасы шұғылданып жатыр. Бізге белгілі ақпарат бойынша төрт күдікті ұсталған", - деді Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, күдіктілердің жоғары лауазымды шенеуніктермен туыстығына қатысты дерек расталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны