30.05.2008, 19:04 3052

Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысының төмендегені байқалып отыр - ІІД

Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысының төмендегені байқалып отыр - ІІД

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысының төмендегені байқалып отыр. Бұл туралы брифингте қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Е. Тұрғымбаевтың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың азаюына Алматы мектептерінде мектеп инспекторлары қызметінің енгізілуі ықпал еткен. Қазіргі уақытта қаланың 178 мектебінен 142-сінде мектеп инспекторлары жұмыс істейді.

"Оқу жылы аяқталды. Біз жұмысымызға қорытынды жасадық. Мектептердегі жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының 15 пайызға азаюына байланысты істеген жұмысымызды оң бағалаймыз", - деді Е. Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, қылмыскерлерді мектепте тұтқындау оқиғалары кездескен. Атап айтқанда, есірткі тарататын, ұрлық және тонаумен айналысатындар мектептерде қамауға алынған.

"Мектеп оқушыларының демалатын уақыты келді. Іс жүзінде мектеп инспекторлары мектептерден шақырылмайды. Олар сонда бола береді. Егер де мектеп оқушылары аттанатын жазғы лагерьлер ұйымдастырылатын болса, мектеп инспекторлары сол жерге де баратын болады", - деді Алматы қалалық ІІД бастығы.

Ол сондай-ақ, мектеп инспекторының жұмыс сапасын бағалау полиция үшін үйреншікті қылмыс санының ашылу пайызына тәуелді болмайды деп хабарлады. "Бұл жерде біз басқа жолды таңдадық. Оларда ешқандай қылмыс ашу пайызы деген жоқ. Бүгінгі таңда мектептегі инспектор жұмысы - өзі істеген мектебінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі. Мектепте заң бұзушылықтар, төтенше жағдайлар аз болса - менің ойымша, оның жұмысының басты жетістігі осы болған болар еді", - деді Е. Тұрғымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны