11.05.2014, 19:44 3807

Алматыда жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды

Алматы қаласының энергетика мен коммуналдық шаруашылық басқармасы 500 - 1000 мм құрайтын 9 жер телімінде жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастады.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Алматы қаласының энергетика мен коммуналдық шаруашылық басқармасы 500 - 1000 мм құрайтын 9 жер телімінде жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастады.

Кейбір көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен автокөлік қозғалысы тоқтатылады, деп Алматы қаласының әкімдігінен хабарлады.

Жалпы, 2008 жылдан бастап Алматыда 97,2 км жылу жүйесі жөнделді, оның ішінде магистральды жылу жүйесінің-50,7 км, реттеу жылу жүйесінің -38,4 км қалпына келтірілген болатын. Қорытындысында жылу жүйесінің ескіруі 10 пайызға қысқарып, 65 пайызды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны