09.06.2008, 14:54 3003

Алматыда жол полициясының жалған қызметкері ұсталды

Алматыда жол полициясының жалған қызметкері ұсталды

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасы мен ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері өздерін жол полициясының қызметкеріміз деп таныстырып жүрген үш жігітті ұстады. Бұл туралы агенттікке ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Новгородская көшесінде "Мерседес - Бенц" көлігінің жанында тұрған жол полициясының қызметкері көзге түскен. Ер адам көліктерді тексеруге тоқтатып тұрған. Оның екі сыбайласы көлікте отырған", -дейді полицияподполковнигі Александр Васильев.

Олардың жол полициясы басқармасына ешбір қатысы жоқтығы анықталды. Сондай-ақ, "Мерседес" көлігін бірнеше күн бұрын әлгі ұсталған үш адам автослесарь болып істейтін шеберханаға жөндеуге қалдырғаны белгілі болды.

Бұл деректер бойынша жиналған материалдар Жетісу аудандық ІІБ-ына тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны