06.05.2013, 10:47 3154

Алматыда жолаушылар тасымалы ережесін бұзған 5 жүргізушісі жұмыстан шығарылды

Өткен аптада қоғамдық көлікті бақылау қызметі тасымалдау ережелерін бұзудың 75 оқиғасын анықтады.

Алматы. 6-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда жолаушылар тасымалы ережесін бұзған 5 жүргізушісі жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен аптада қоғамдық көлікті бақылау қызметі тасымалдау ережелерін бұзудың 75 оқиғасын анықтады.

Олардың арасында - жол билеттерінің және көлік салонында ақпараттық қағаздың болмауы, көлік жүргізушілерінің арнайы киімінің жоқтығы, рұқсат етілмеген жерлерге тоқтау және жолаушыларды түсіру, қосымша орындардың болмауы және өзге де фактілер бар.

Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасынан хабарлағандай, бұл тексеруден кейін қоғамдық көліктің 5 жүргізушісі жұмыстан босатылды.

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көліктердегі мұндай тексерісті 2012 жылдың 3 қыркүйегінен бері тұрақты өткізіп келеді. Жылжымалы бақылау топтарының құрамына жолаушылар көлігі басқармасының және тасымалдаушылардың өкілдері енген. Олар күні бойы қалалық көліктің қызметін тексеріп, ереже бұзушыларды фото мен видеоға түсіріп алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны