25.05.2009, 16:17 2924

Алматыда ЖШС жетекшісін ұрлағаны және 150 млн теңге бопсалағаны үшін бұрын сотталған екі азамат ұсталды - ІІМ

Алматыда ЖШС жетекшісін ұрлағаны және 150 млн теңге бопсалағаны үшін бұрын сотталған екі азамат ұсталды - ІІМ

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ЖШС жетекшісін ұрлағаны және 150 млн теңге бопсалағаны үшін бұрын сотталған екі азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қуанышбек Жұмановтың хабарлауынша, "Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасы мен Алматы қалалық ІІД жедел әрекет етуші отрядының қатысуымен бір ЖШС президентін ұрлағаны және 150 млн теңге бопсалағаны үшін бұрын сотталған екі азамат ұсталды".

Сонымен бірге, "Ақтөбе облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесіне қатысты қылмыстық іс қозғады, ол ТМД және Еуропа аумағында ұрланған автокөліктердің контрабандасы мен алаяқтық жолымен басқаның мүлкін ұрлау үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басқарған".

Бұған қоса, Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, "Қарағанды облыстық ІІД екі азаматқа қатысты өктемдігі мен басқаның 3 млн теңгеден астам мүлкін иемденіп алғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі қолға түсті".

Жалпы алғанда, ІІМ мәліметінше, бір аптада Қазақстанда "11 қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде 2 іс - ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басқарғаны үшін қозғалды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушы 5 адам мен 1 қылмыстық ортаның беделдісі құрықталды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны