16.06.2017, 14:15 5948

Алматыда журналистер арасындағы "Мыӊ бояулы қала - Город тысячи красок" байқауыныӊ қорытындысы шығарылды

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаӊында Алматыда журналистер арасындағы "Мыӊ бояулы қала - Город тысячи красок" байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Ақпараттық кеӊістіктегі мегаполистіӊ үздік өкілдерін Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Ижібаев, еліміздіӊ жетекші БАҚ басшылары марапаттады.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan Today - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаӊында Алматыда журналистер арасындағы "Мыӊ бояулы қала - Город тысячи красок" байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Ақпараттық кеӊістіктегі мегаполистіӊ үздік өкілдерін Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Ижібаев, еліміздіӊ жетекші БАҚ басшылары марапаттады.

Байқау жеті номинация бойынша өтті:БАҚ-тағы үздік мақала, ақпараттық агенттіктердегі (ғаламтор ресурстары) үздік мақала, үздік радио материал, әлеуметтік желідегі үздік мақала (блогерлер материалдары), үздік фотоматериал, үздік инфографика және үздік телевизиялық сюжет.

"Үздік газет мақаласы" категориясы бойынша "Түркістан" газетініӊ журналисі Динара Желдібаева жеӊімпаз атанды, ал "Үздік радиоматериал" номинациясы бойынша екі журналист-"Астана" радиосыныӊ музыкалық редакторы Ийгерім Біләлова мен "Қазақ радиосыныӊ" журналисі Аман Тасыған жүлдені өзара бөлісті, қазақтардыӊ Дүниежүзілік ассоциациясы сайтыныӊ редакторы Ерлік Кебекбай ғаламтордағы үздік материал номинациясын жеӊіп алды,үздік инфографика жүлдесін "IGRAPHIC" дизайн бюросыныӊ бас директоры Бағлан Айдашов алса, Жанна Ахметова әлеуметтік желілерде үздік постар жариялады, Максим Золотухинніӊ жұмыстары үздік фтотоматериалдар деп танылды, ал "Үздік телевизиялық сюжет" номинациясы бойынша "Хабар агенттігі" АҚ Алматы филиалыныӊ журналисі Ұлан Нарынбек пен "Астана" телеканалыныӊ журналисі Иділ Өнербаевтар жеӊімпаз атанды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аумағы 500 шаршы метр болатын "Алматы" телеарнасыныӊ жаӊа заманауи павильонында болды.

Соӊғы бір жарым жыл ішінде каналды модернизациялау жұмыстары жүрді, құрал- жабдықтар жаӊартылды, өндірістік тракт 16х9 жоғары көрсетілімдегі сандық форматқа көшірілді, әлемдік танымал өндірушілерден жалпы құны 1,2 млрд. теӊге болатын заманауи телевизиялық техникалар сатып алынды.

Бүгінгі күні "Алматы" телеарнасыныӊ қаланыӊ кез - келген нүктесінен тікелей эфирге шығатын және ауқымды шараларды дер кезінде көрсете алатын жылжымалы телевизиялық станциясы бар. Канал республиканыӊ барша аймағын қамтиды, соныӊ арқасында баламалы, сандық, спутниктік, кабельді және интернет сегменттегі хабарларды тарата алады.

"ТНС Гэллап Медиа"агенттігініӊ мәліметі бойынша биылғы жылы қалалық телеарнаны көрушілер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 26%-ға артқан.

Жүзеге асқан осынау игі шаралардыӊ арқасында "Алматы" телеарнасына жарнама берушілер қатары ұлғаюда. Мысалы,2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша телеарнаныӊ жеке табысы 112%-ға артып, 256 млн. теӊгені құрады. Құрылғалы бері алғаш рет телеарна жақсы қаржылық көрсеткішке қолжеткізді. Заманауи аппаратуралармен жабдықталған жаӊа студиялық павильон іске қосылған кезде "Алматы" телеарнасы жаӊа сапалық деӊгейге көтерілетін болады,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны