03.10.2016, 18:58 6489

Алматыда зияткерлік меншік cаласындағы заӊнамалық түзетулер талқыланды

Алматы қаласында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасы бойынша қоғамдық тыӊдау өткізілді

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасы бойынша қоғамдық тыӊдау өткізілді, деп хабарлайды ҚР Иділет министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қоғамдық тыӊдауға Иділет министрініӊ орынбасары Э.Изімова, Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ, Ішкі істер министрлігініӊ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ, Зияткерлік меншік институтыныӊ, ғылыми мекемелердіӊ, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарыныӊ, өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер және бизнес өкілдері қатысты.

"Қоғамдық тыӊдаудыӊ негізгі мақсаты - азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін қызықтыратын Заӊ жобасын түсіндіру және талқылау",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеменіӊ ақпаратында атап көрсетілгендей, Заӊ жобасыныӊ міндеті - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.

Заӊ жобасыныӊ негізгі жаӊалықтары: зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына ("Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудіӊ бір деӊгейлі жүйесін құру; тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін кеӊейту; құқық иелерініӊ тауар таӊбасын заӊсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету; тауар таӊбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау; шарттарды тіркеу тәртібін жеӊілдету.

"Заӊ жобасыныӊ және Тұжырымдаманыӊ мәтіндері Иділет министрлігініӊ www.adilet.gov.kz және Зияткерлік меншік құқығы институтыныӊ www.kazpatent.kz(link is external) ресми сайттарында, "Юридическая газета", "Заӊ газеті" басылымдарыныӊ 2016 жылғы 14,17,20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 сандарында жарияланған",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны