25.09.2017, 23:30 3930

Алматыдағы 2-ші ЖЭО-ын газға көшіру экологиялық ахуалды әжептәуір жақсартады

"Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша ауаға 285 мыӊ тонна ластаушы зат тасталды, оныӊ 31 мыӊ 587 тоннасын 2-ші ЖЭО-ы шығарған. Бұл 11%-дан астам. Сол себепті газға көшіру экологиялық ахуалды әжептәуір жақсартады", - деді газ өнеркәсібін дамыту департаментініӊ директоры Зияш Қияқбаев баспасөз мәслихаты барысында.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы 2-ші ЖЭО-ын газға көшіру экологиялық ахуалды әжептәуір жақсартады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша ауаға 285 мыӊ тонна ластаушы зат тасталды, оныӊ 31 мыӊ 587 тоннасын 2-ші ЖЭО-ы шығарған. Бұл 11%-дан астам. Сол себепті газға көшіру экологиялық ахуалды әжептәуір жақсартады", - деді газ өнеркәсібін дамыту департаментініӊ директоры Зияш Қияқбаев баспасөз мәслихаты барысында.

Оныӊ айтуынша, 2-ші ЖЭО мен жеке меншік секторды газға көшіру ауаныӊ сапасын жақсартуға және 2-ші ЖЭО тастандыларын 30 мыӊ тоннадан 1 мыӊ тоннаға дейін немесе 30 есе азайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Алматыда 20 қыркүйекте өткен жиында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экология мәселесіне баса назар аударып, әкімге "Самұрық-Қазынамен" бірге 2020 жылға дейін ТЭЦ-2-ні газбен жұмыс істеуге көшіру үшін тиісті шаралар қабылдауды және жеке секторды газбен қамтамасыз ету ісін аяқтауды тапсырды.

"Соӊғы жылдары ауаны ластау индексі 20 пайызға төмендеді. Осы жұмысты жалғастыра беру керек. Икімге "Самұрық-Қазынамен" бірге 2020 жылға дейін ТЭЦ-2-ні газбен жұмыс істеуге көшіру үшін тиісті шаралар қабылдауды және жеке секторды газбен қамтамасыз ету ісін аяқтауды тапсырамын. Қалада жас көшеттер отырғызу жөніндегі жүйелі жұмысты және бақылауды жолға қою қажет. Былтырдыӊ өзінде бес мыӊ ағаш кесілген. Бұл мәселе бойынша бақылауды күшейтіп, кесілген ағаштардыӊ орнына жаӊасын отырғызу жөніндегі норманы арттыру қажет. Жас көшеттерге күтім жасауды қамтамасыз ету керек, - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны