07.08.2017, 19:29 4642

Алматыдағы "Алтын Орда" базары маӊындағы 3,8 шақырымдық жол кеӊейтілетін болады

"КазАвтоЖол" мекемесініӊ Алматы облыстық филиалы директорыныӊ орынбасары Нұрхат Ақылтаевтыӊ айтуынша, "Алтын Орда" базары маӊындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мыӊ автокөлік жүреді. Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдыӊ 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - "Алматы - Бішкек" автожолыныӊ 786-790 шақырымы учаскесін, яғни "Алтын Орда" базары маӊындағы 3,8 шақырымдық жол кеӊейтілетін болады. Осы маӊдағы көлік кептелісін шешу үшін облыс әкімдігініӊ ұсынысымен үкімет тарапынан қолдау тапқан ауқымды жоба биылғы жылы жүзеге асырыла бастайды. Күрделі жөндеу барысында жол үсті көпірлері мен жол бұрылыстары да қарастырылмақ. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыс әкімініӊ орынбасары А. Байжанов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"КазАвтоЖол" мекемесініӊ Алматы облыстық филиалы директорыныӊ орынбасары Нұрхат Ақылтаевтыӊ айтуынша, "Алтын Орда" базары маӊындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мыӊ автокөлік жүреді. Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдыӊ 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ. Оныӊ екі жолағы транзиттік көліктерге арналса, екі жолағы жергілікті маӊға жүретін көліктерге, ал бір жолағы автобусқа, яғни қоғамдық көлікке арналады. 16-шы шақырымда бұрылыс эстакадасы қарастырылады.

"Алматы - Бішкек" автокөлік жолыныӊ 786-790 шақырым учаскесі бөлігін кеӊейтудіӊ бұған дейінгі жобасына биылғы жылы бірқатар толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, жобаныӊ екінші кезеӊінде 18 мыӊ тұрғыны бар "Асыл Арман" ТК тұрғындарыныӊ өтініші бойынша аталмыш кешеннен қалаға бұрылатын "Труба" типті жер үсті жолы салынса, сонымен қатар Райымбек ауылы тұсында тағы бір, жоба бойынша төртінші жер үсті жолы қарастырылатын болады. Екі кезеӊініӊ де жобасын "АстанаСтройПроектСервис-М" ЖШС дайындауда. Тамыз айыныӊ соӊына дейін "МемСараптама" мекемесініӊ оӊ қорытындысы шығады деп жоспарланған. Жобаны толық жүзеге асырудыӊ алдын ала есептеу бойынша құны 12 млрд. теӊгеге жуық деп жобаланып отыр. Биылғы жылға 800 млн. теӊге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.

Жобаны іске асыру мақсатында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін алу жұмыстары жүргізілуде. Алуға жататын облыс аумағындағы 53 учаске болса, бүгінгі күнге соныӊ 5-еуі мемлекеттік жер учаскесі, 30-ы алынған, 13-інде алу процесі жүріп жатыр, ал 5 жер учаскесініӊ иелерімен келіссөздер жүргізілуде.

Облыс әкімініӊ орынбасары А. Байжанов күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сол маӊдағы іргелі нысандардыӊ жұмысына кедергі келтірмеуді, уақытша жолдардыӊ бағытын келісіп жасауды тапсырды. "Бұл жоба өз кезегінде көлік кептелісін шешуге, жаяу жүргіншілердіӊ қауіпсіздігіне оӊ ықпалын тигізетін болады", - деді А. Байжанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны