24.07.2017, 19:43 4303

Алматыдағы Атлеттер ауылында Алатау ауданыныӊ тұрғындарына қызмет көрсететін ХҚКО ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданыныӊ Атлеттер ауылындағы күніне 1,5 мыӊ адамға дейін қызмет көрсететін жаӊадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданыныӊ Атлеттер ауылындағы күніне 1,5 мыӊ адамға дейін қызмет көрсететін жаӊадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

Алатау ауданы тұрғындарына қызмет көрсету Орталығында операциялық зал, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, жинақтаушысектор, әлеуметтік қызмет секторы, құжаттандыру, азаматтарды тіркеу, дайын құжаттарды беру, консультация сынды сегіз сектор жұмыс істейді.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО филиалыныӊ директоры Данияр Ахметов қалалықтарға барынша қолайлы болу үшін"Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторыныӊ жұмыс жасайтындығын, мұнда қажетті барлық электронды қызметті, соныӊ ішінде бала бақшаға кезекке қоюға, мекенжай және зейнетақы анықтамасын алуға, некеге тұруға өтініш беруге және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға болатындығын айтты.

Күніне 1,5 мыӊ адамға дейін қызмет көрсететін жаӊа нысанныӊ залдары барынша қолайлы әрі кеӊ, "Универсиада мұрасы" жобасы аясында жаӊа жиһаздармен жабдықталған. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдайлар жасалған, олар ыӊғайлы пандустарды, лифтерді пайдаланып, өздеріне қажет түрлі тетіктерді баса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны