24.02.2009, 18:44 3206

Алматыдағы екі сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген адам анықталды

Алматыдағы екі сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген адам анықталды

Алматы. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы екі сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген адам анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті Алматыда 1986 жылы туған. Ата-анасымен бірге қаланың Медеу ауданында тұрады, жұмыссыз, еш жерде оқымайды. Үш мәрте сотталған: жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін 2 жылға сотталып, жазасын өтеп оралған және ұрлық жасағаны, алаяқтығы үшін сотталған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 ақпанда сағат 6.35-те ІІД кезекші пультіне Алмалы ауданында Төле би көшесінде "Планета электроники" дүкенінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Сонымен бірге, 22 ақпанда сағат 20.44-те 051 қызметінің пультіне Алматының Алмалы ауданы Төле би ауданында "Сити центр" сауда ойын-сауық орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті. 250 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат тағы да табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны